138
Отбасы ғылымхалы
бола тұра зина жасамайтындығы яки ойнасты ашық жа-
сауы қияметтің белгісі екендігі айтылады
238
.
Исламда тыйым салынған істерді жасаған адамға
берілетін жазаны «хад» (қат) жазасы деп атайды. Қазақ
тіліндегі «қат», «қатаю», «қаталдық» «қатаң» деген
сөздердің түбірі осы «хад» сөзінен тараған болуы мүмкін.
Исламдағы қатаң жазалар өте аз. Бұлар бесеу:
1. Зина. Бойдақтар үшін –100 дүре. Үйленгендер үшін
– «рәжм» (тасборан) жазасы.
2. Ұрлық. Қол кесу жазасы.
3. Ішімдік ішу – 40‑80 дүре.
4. Жол торуылдап қарақшылық жасау. Қылмысының
салмағына қарай өлтіру, асу не аяқ‑қолын
айқастарып кесу.
5. Зина жаласы. 80 дүре. Кісі ақысына қатысты жа-
залар да шариғаттың белгілеген жазасы
239
.
Зина үшін шариғаттағы жаза
Құранда:
الزّانِيَةُ وَالزّانِي فَاجْلِدُوا كُلّ وَاحِدٍ مِنْهُمَا مِئَةَ جَلْدَةٍ وَلَ تَأْخُذْكُمْ
َبِهِمَا رَأْفَةٌ فِي دِينِ اللِّ إِنْ كُنْتُمْ تُؤْمِنُونَ بِاللِّ وَالْيَوْمِ الَْخِرِ وَلْيَشْهَدْ
عَذَابَهُمَا طَائِفَةٌ مِنَ الْمُؤْمِنِين
«Зина жасаған әйел мен зина жасаған еркек-
ке әрбіріне жүз дүре соғыңдар. Егер Аллаһқа және
ақырет күнініне сенсеңдер оларға жұмсақтықтарың
238
Бухари, Худуд, 22; Әбу Дәууд, Худуд, 17.
239
Зуһайли.