139
Зина жазасы және оның түрлері
ұстамасын. Әрі екеуінің жазасын мұсылмандардың бір
тобы көріп тұрсын»
240
.
Бұл аят бойдақ ер не әйелдің ісіне берілетін жаза
ретінде берілген. Дүре соғу – етке батырмай тек қана
теріге әсер ететіндей түрде ұру. Ұрған кезде тек сыртқы
қалың киімдері ғана шешіледі.
Үйленген еркек не әйелге берілетін жаза «рәжм» (тас-
боран) жазасы. Бұл сүннетпен белгіленген.
Хадисте:
«Үйленген кәрі еркек пен кәрі әйел зина жа-
саса, оларды рәжм етіңдер»
241
. Хазіреті Пайғамбар екі
яһудей ер мен әйелге және Майыз бен Ғамид тайпасының
бір әйеліне рәжм жазасын берген. Рәжм туралы сахабалар
арасында ауызбірлік бар.
Зина жазасы Аллаһқа қатысты ақы. Бұл отбасы және
нәсәп және қоғамға қатысты қылмыстың бірі болғандық-
тан, қоғам ақысы болыпта саналады.
Зина жазасын іске асыру шарттары
1. Зина жасаған ер балиғат жасына жеткен болуы
тиіс. Балиғат жасына жетпеген балаға қатаң жаза
берілмейді.
2. Зина жасаған әйел де балиғат, яки құмарлық сезімі
оянған жаста болуы тиіс. Кішкене қызбен зина
жасаған ерге де, қызға да қатаң жаза берілмейді.
Сондай-ақ, балиғат жасына жетпеген баламен зина
жасаған әйелге де қатаң жаза берілмейді. Бұған
қатысты жазаны қазы береді.
3. Зина жасаған ақыл‑есі жарым адамдарға қатаң жаза
берілмейді. Мәзһәб имамдары арасында бала мен
240
«Нұр» сүресі, 2-аят.
241
Ибн Мәжә, Худуд, 9; Ханбәл, 5/132.