

145
Зина жазасы және оның түрлері
болады. Абдуллаһ ибн Сәләм біліп қойып, оның
қолын көтергенде астынан тасборан аяты шықты.
Сөйтіп екеуіне де тасборан жазасы беріледі.
Зинаның қазы құзырында анықталуы
1. Зинаның растау жолымен анықталуы
Исламда хад жазасының анықталу жолдары бір‑бір-
лерінен өзгеше. Мұны қылмыстың түрі анықтайды.
Мысалы, ұрланған малдың ұрының қолынан табылуы
ұрының ісіне дәлел болса, аузынан арақтың иісі шыққан
адам да өз қылмысынан хабар береді. Ислам зинаның
анықталуын өте ауыр шарттарға байлап, адамның құтылуы
үшін көптеген мүмкіндіктер берген. Сондықтан да зина-
ны растау ерекше шарттарға байланған. Мысалы, растау
қазының алдында төрт рет іске асуы, мойындаған адамның
ақыл-есі жарым не мас болмауы т.б.
Зина иқрарында заман есепке алынбайды. Және
өзімен зина жасады деп айып тағылған ер кісі не әйелдің
сот залында болуы шарт емес. Қарсы жақ зина жасағанын
мойындамаса да, мойындаған жаққа зина жазасы бері-
ле береді. Жоғарыда айтылғандай Аллаһ елшісі
(аләйһис-
саләту уәс-сәләм)
бір еркекке дүре және бір жыл айдау жазасын
дұрыс көріп, әйелге келгенде:
«Умәйс! Сол әйелге бар.
Егер мойындаса оны рәжм ет»,
–
250
дейді. Шафиғилар мен
Мәликилер «бұл жерде төрт рет растап, мойындамай-ақ,
бір рет мойындап, күнәсін растауы зинаның анықталуына
жеткілікті болады», – дейді.
250
Бухари, Худуд, 3.