150
Отбасы ғылымхалы
тұратын. Ол ылғи да бұл жігіттің жолын торуылдап, алды-
нан шығып өзіне тартатын. Әлгі жігіт бойдақ еді. Әйел оны
жолдан тайдыру үшін шайтанның барлық айласын қолданып
бақты. Бірақ әр уақытта жас жігіт әйелдің ұсыныстарына
қарсы тұрып, бетін қайтарып, күнәға батудан аулақ жүретін.
Алайда әрбір адамның қанша дегенмен бір осал тұсы бола-
ды. Міне, сол күні жас жігіт әлсіздік танытты. Әйел тағы
да алдынан көбелектей көлбеңдеп шығып, өзіне тартқанда
жігіт төзе алмай әлгі әйелдің соңынан еріп үйіне қарай
жүреді. Есігінің алдына келіп, кіре берген кезде жігіттің
бірден еріндері еріксіз қимылдап бір аятты оқи бастайды.
Яғни жігіт еріксіз түрде осы аятты қайталап тұрған орнында
қимылсыз қалады. Ол басында өзіне не болғанын білмей,
артынша есін жинаған кезде бір аятты қайталап тұрғанын
сезеді. Сезгені сол-ақ жүрегі бірден тоқтап, жерге сылық
етіп құлайды. Оған көктен жаңа түскендей қатты әсер еткен
аят мынау еді:
ِْ
إنّ الّذِينَ اتّقَواْ إِذَا مَسّهُمْ طَائِفٌ مِّنَ الشّيْطَانِ تَذَكّرُوا
«Хақ Тағаладан қорыққандар әрқашан тақуалық
қорғанында ғұмыр кешеді. Оларды шайтан азғыра қалса,
дереу Аллаһты еске алып, естерін жияды»
256
.
Бейне бір
жігіт осы аятты көктен жаңа түскендей сезінеді. Ол өзінің
қандай іске қадам басқанын аңғарып, Құдай Тағаладан қатты
ұялады. Раббысының оған деген осыншама жақсылығын
ұмытып, бір сәт болсын күнәға пейіл көрсеткені үшін
тұла бойын қатты үрей билейді. Әсіресе осындай сәтте
Раббысының оны өз нәпсісінің құрбаны етпей, тіліне әлгі
аятты салып, Өзіне қаратқаны оған қатты әсер етіп, шыдай
алмай өліп кетеді.
Хазіреті Омар дереу адамдармен бірге әлгі жігіттің
қабірінің басына барады. Ол сол жерде тұрып оның бұл
тақуалығын өзгелерге ғибрат етіп Құрандағы:
«Раббысынан
қорыққандарға екі Жәннат бар»
257
деп дауыстайды
258
.
256
Ағраф сүресі, 201.
257
Рахман сүресі, 56.
258
Муқтасар тариху Димашқ либни Асакир, либни Манзур 19/190-191.