Previous Page  155 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 155 / 360 Next Page
Page Background

155

Хитба, сөз салу, құда түсу

ْقالَ رَسُولُ اللِّ صَلّى اللُّ عَلَيْهِ وَسَلّمَ إِذَا خَطَبَ أَحَدُكُمْ الْمَرْأَةَ فَإِنْ

اسْتَطَاعَ أَنْ يَنْظُرَ مِنْهَا إِلَى مَا يَدْعُوهُ إِلَى نِكَاحِهَا فَلْيَفْعَل

1. Жабир

(р.анһ.)

жеткізген хадисте Аллаһтың елшісі:

«Егер де сендерден біреу әйелге құда түсуді қаласа,

онда оған үйленуге қызықтыратын (жерлерінен) көруге

мүмкіндік туса, қарап алсын»

, – деген.

2. Әбу Һурайра

(р.анһ.)

риуаят еткен хадисте,

Пайғамбарымыз

(аләйһис-саләту уәс-сәләм)

бір әйелге үйленетін

кісіден:

«Оны көрдің бе?

-деп сұраған. Ол: «Жоқ», – деп

жауап берген. Сонда Пайғамбарымыз

(аләйһис-саләту уәс-сәләм)

:

«Бар, оны көр»

, – деп бұйырған.

3. Жабир

(р.анһ.)

Аллаһ елшісінің

(аләйһис-саләту уәс-сәләм)

:

«Егер де сендерден біреу құда түсуді қаласа, онда үйлену

үшін ұнайтын жерлерін көруге мүмкіндік туса, көрсін»

,-

деп айтқанын жеткізе отырып, соңында: «Сөйтіп құда

түсетін қызымның, некелесуге тұрарлық жерлерін, оның

өзіне білдіртпей қарап алғанмын», –деген.

4. Басқа бір риуаятта: Жабирден

(р.анһ.)

жеткен хадисте

Аллаһтың елшісі

(аләйһис-саләту уәс-сәләм)

:

«Егер де сендерден

біреу құда түсуді қаласа, оған үйлену үшін ұнайтын

жерлерінен көруге мүмкіндік туса, қарап алсын»,

-дегені

айтылған. (Жабир айтады): «БануСуләймруынанбір әйелге

құда түскім келді. Мен өзімнің талғамыма сәйкес екенін

білу үшін оған білдіртпей құрма ағаштары бұтақтарының

арасына жасырынып барып көрдім. Сөйтіп барып оған

үйлендім», – деген. Басқа риуаятта Пайғамбарымыз

(аләйһис-

саләту уәс-сәләм)

бір әйелге құда түсуді қалаған адамға:

«Оны