Previous Page  156 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 156 / 360 Next Page
Page Background

156

Отбасы ғылымхалы

көр, өйткені ол екеуіңнің араларыңды жақындастыруға

себеп болар»,

-

деп айтқан

263

.

5. Әнәс

(р.анһ.)

риуаят еткен хадисте әл-Муғира ибн

Шуғба бір әйелге құда түсуді қалайды. Сонда Аллаһтың

елшісі

(аләйһис-саләту уәс-сәләм)

:

«Барып оны көр, өйткені ол

араларыңды жақындастыруға себеп болады»,

–деп кеңес

берген. (Әнәс): «Сөйтіп, ол барып қалыңдықты көріп,

оның келісімін алды»-деген.

264

Осы және одан басқа хадистер үйленгісі келген кісіге

құда түсуден бұрын қалыңдыққа қараудың мәндүп екен-

дігіне дәлел бола алады.

Қалыңдықты көру оның жүзі мен алақандарына

қараумен жүзеге асады. Өйткені (әйелдің) жүзі оның

сұлулығын

(немесе, көріксіздігін)

білдірсе, алақандары

оның жалпы денсаулығы мен дене ажарлығын

(немесе

ажарсыздығын)

көрсетеді.

Әл-Аузағи: «Етті жерлерді қарауға болады», – дей-

ді.

Әс-Санғанидің пікірінше: Бұл – «мутлақ» хадис (яғни

хадистегі

«барып оны көр»

дегені жалпы көруіңе мүмкін

болған жерлер). Сондықтан ол мүмкін болған жерлерге

қарай алады. Бұл мәселені сахабалар да осылай түсінген.

Оған Омардың

(р.анһ.)

өзіне жіберілген Әлидің қызы Умму

Кулсумнің балтырына қарағаны дәлел бола алады.

Қараудың бұл түріне әйелдің разылығы шарт емес.

Қалыңдықты көру мүмкін болмаған жағдайда оған

сенімді әйелді жіберуге болады. Ол қалыңдықты көріп,

оны жігітке сипаттап береді. Әнәстан

(р.анһ.)

риуаят етілген

263

Әл-Мустадрак ғала ас-Сахихайни, әл-Хаким ан-Нисабури, 2-том,179-

бет, 2696-хадис. Дар әл-кутуб әл-ғилмия, Бирут, 1990.

264

Әл-Мустадрак ғала ас-Сахихайни, 2-том, 179-бет, 2697-хадис, әл-

Хаким бұл хадисті сахих деген.