154
Отбасы ғылымхалы
Хитба – атастыру үйлену шарты емес үйленуге деген
уағда байласу, сондықтан неке қиылғанға дейін қыз бен
жігіт бір-біріне халал болмайды
261
.
Үйленетін ер мен әйелдің бір-бірін көруі
Шариғатымызда үйленетін ер кісінің қалыңдықты
көруі – мәндүп. Ер жігітке кімді қалап, нені ұнататынын
білдіріп және кімге үйленетінін хабардар ету үшін көруге
рұқсат етіледі. Содан кейін қызды ұнатса, одан әрі әрекет
етеді, ал ұнатпаса әрекетін тоқтатады.
Дегенмен бұл әрекет – қыз ұсынысымды қабылдайды
деген сенім басымырақ болғанда ғана жасалады. Ал
«айтқан ұсынысым қабылданбайды» деген ойы үстем
тұрған жағдайда қызға көз салуы дұрыс емес.
Егер екі жақ тең болса, қызды көруге рұқсат етіледі,
себебі болашақ құдалар жақсы пікірде, дұрыс ойда болуы
керек.
Жігіттің көруге мүмкіндігі болмаса, қалыңдықты
көруге жақынын жіберуіне болады.
Қалыңдықты көру немесе (көру үшін) адам жіберу
құда түсуден бұрын жүзеге асырылуы тиіс. Қалыңдықты
құда түскеннен кейін көріп, күйеу жігіт қызды ұнатпай
қалса, онда ол қалыңдықтың абыройына нұқсан келтіреді,
көңілін басады және оның үй-ішіне жайсыздық тудырып,
ұятқа қалдырады
262
.
Қалыңдықты алдын-ала көру турасында дәлелдер
көп. Солардың кейбіреуін мысалға келтірейік:
261
әл-Ихтияр. 2/110-113.
262
әс-Сәлми, Иззуддин (660 һ.), «Қауғидул-әхкам фи масалихил-әнам»,
2-том, 124-бет, Бейрут, «Дар әл-кутуб әл-ғилмия».