157
Хитба, сөз салу, құда түсу
хадисте пайғамбарымыз
(аләйһис-саләту уәс-сәләм)
Умму Сулаймді
бір әйелге жіберіп: «Тізесінің астына қарап, тамағының
тұсын және бір риуаятта «Алдыңғы тістерін көріп, біл-
дірітпей иіске»,-деген. Мақсат: әйелдегі жағымсыз иіс-
терді тексеру амалдары қалыңдыққа сездірмей, көңіліне
тимей жасалады.
Бұл үкім тұрмысқа шығатын жігітіне көз салмақ
болған қалыңдыққа да жүреді: Қалыңдық та күйеу жігіт-
ке қарап алуы керек.
265
Күйеу жігіт пен қалыңдыққа тыйым
салынған нәрселер
Күйеу жігіт пен қалыңдыққа бір-бірімен оңаша
қалуға, жақындасуға немесе төсек қатынасына түсуге
рұқсат жоқ. Некеге тұрмай, тек құда түсу жоғарыдағы
жағдайлардың бірін де орындауға жол ашпайды. Егер
жоғарыдағы нәрселердің бірін жасап, одан соң қалыңдық
немесе күйеу тарапынан құдалық бұзылса немесе қандай
да бір себеппен неке жүзеге аспай қалса, бұл қалыңдықтың
абыройын төгеді, келешекте тұрмысқа шығуына кедергі
келтіреді және отбасына да жайсыздық туғызып, үлкен
күнәға батады.
Атастырғаннан кейін әйел жүкті болса немесе босанса,
араларында заңды некенің жоқтығына байланысты ол бала
әкесіне телінбейді. Ал, бұның зияны дүниеге келген ұл
немесе қыз нәрестеге тиеді. Некеге тұрмай, тек құда түсу
баланың тегін анықтамайды, сондықтан әйелмен оңаша
қалуға, сүйісуге және осыдан туындаған басқа әрекеттерге
тыйым салынады.
265
Субулу әс-Сәлам, Исмағил әс-Санғани әл-Әмир, 3-бет,113-бет. Даару
ихия әт-турас әл-араби, Бейрут, 1379. әл-Ихтияр. 2/127-130.