140
Отбасы ғылымхалы
есі жоқ адамдарға зина жазасының болмайтындығы
туралы ауызбірлік бар. Оған мына хадис дәлел:
َرُفِعَ الْقَلَمُ عَنْ ثَلَثَةٍ عَنْ النّائِمِ حَتّى يَسْتَيْقِظَ وَعَنْ الصّبِيِّ حَتّى
يَحْتَلِمَ وَعَنْ الْمَجْنُونِ حَتّى يَعْقِل
«Үш адамға қалам жазылмайды. Балалықтан –
балиғатқа толғанша, ұйықтаған адам оянғанша
және ақыл есі ауысқан адам – есі кіргенше»
242
.
Осы жерде егер есі дұрыс біреу ақыл‑есі жарым
біреумен ойнас жасаса, онда ақыл есі дұрыс адамға
зина жазасы беріледі.
4. Фиқһ ғалымдарының басым көпшілігінің
көзқарасына қарай, бір мұсылман мен бір кәпір
зина жасаса зина жазасы жасалады. Ал, Әбу
Ханифаның көзқарасына қарай үйленген кәпірге
рәжм (тасборан) емес, дүре соғылады. Мәликилер
бойынша, екі кәпір зина жасаса бұларға зина жаза-
сы берілмейді. Бірақ бұлар зина жасағандарын сөз
қылса, тәртіпке келтіріледі. Кәпір ер кісі мұсылман
әйелді зинаға зорласа өлтіріледі.
5. Зина қалаумен жасалуы қажет. Көпшіліктің пікірі-
не қарай зинаға зорланған адамға да зина жазасы
берілмейді. Хадисте:
«Үмбетім қателесу, ұмыту,
не зорлау арқылыжасаған істеріне үкімжүрмейді»
243
. Көпшіліктің пікіріне қарай зорланған ерге де
қатаң жаза берілмейді.
242
Әбу Дәууд, Худуд, 17.
243
Бухари, Худуд, 22; Әбу Дәууд, Худуд, 17; Тирмизи, Худуд, 1; Ибн
Мәжә.