Previous Page  167 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 167 / 360 Next Page
Page Background

167

Хитба, сөз салу, құда түсу

күнінде денесінің жартысы қисық болып келеді»,-

дей-

ді.

280

Хитбаның бұзылуы

Атастырылған қыз бен жігіт бір-бірлерін үйленуге

күштей алмайды. Бірақ алдын ала берілген мәһірдің, яки

екі жақтың бір-біріне берген сыйлықтары төмендегідей

шешіледі.

1. Мәһірдің жағдайы. Ер қызға мәһір берген бол-

са, хитба бұзылған шақта қайта алуына болады.

Бұл мәһірдің сол күйі тұруы не жұмсалып кетуі

де нәтижеге әсер етпейді. Мәһір сол күйі тұрса,

не жұмсалып кетсе, құнын қайтарады. Хитбаны

ана жақ не мына жақтың бұзуы, яки хитбаның

бұзылуына әлдеқандай себептің болуы мәһірдің

жағдайына әсер етпейді.

2. Сыйлықтың жағдайы. Ханафилер бойынша,

атастырылғандардың және құда-құдағилардың бір-

біріне берген сыйлықтары «һибә» (сый) болып та-

былады. Сондықтан берілген нәрсе жоғалып не бол-

маса жұмсалып кетпеген жағдайда қайтарып алуы-

на болады. Мысалы, ер адам берген сыйлықтарын

қайта ала алады, бірақ хитба жүзігінің жоғалуы,

құрбан кезінде апарылған қошқардың сойылып

жұмсалып кетуі, хитба киімдерін киіп ескіріп

қалуы сияқты жағдайларда сый етілген нәрсе

қолда болмағандықтан оның орнын толтырып кері

қайтару қажет емес.

280

Әбу Дәууд, Никах, 38; Тирмизи, Никах, 42. Ибн Мәжә, Никах;

Ханбал.