Previous Page  173 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 173 / 360 Next Page
Page Background

173

Неке

Неке – ердің әйелмен үйленуі, онымен бірге болуы

мағынасына келеді. Шариғатта шаңырақ көтеруші ер мен

әйелдің ұсыныс және қабылдау арқылы сөз байласуы

283

.

Ендеше фиқһта үйлену кедергісі жоқ әйелдің ерге

өзімен бірге болуды мүбаһ еткен ризалық келісім шартына.

Былайша анықтама беруге де болады: Үйленуге кедергісі

жоқ еркек пен әйел арасында жасалған, бір-бірімен бірге

болуды халал еткен ортақ өмір және ұрпақ жалғастыру

мүмкіндігін тудырған келісімшарт. Исламда неке келісім-

шарты азаматтық қарым-қатынас һәм бір ғибадат. Өйткені

некенің рүкін мен шарттарын Ислам белгілейді және ерлі-

зайыптылардың үйленуі арқылы үлкен сауаптарға же-

тетінінен хабар береді. Ибнул Хуммам (826/1457): «неке

ғибадатқа етене жақын. Тіпті үйлену құлшылық үшін ғана

бойдақ қалудан әлде қайда жоғары», – дейді. Ибн Абидин

(1252/1836) Рәддул Мухтар кітабында неке туралы былай

бастайды: «Біз үшін Адам ата заманынан осы заманға дейін

шариғат етіп қойылған кейін жаннатта да жалғасатын неке

мен иманнан өзге құлшылық жоқ», – дейді

284

.

Некенің мешітте қиылуы және мүмкін болса жұма

күніне сәйкес келтірілуі мұстахапқа жатады. Бұл жағдай

да оның ғибадат жағдайын күшейтеді.

Шафиғилар бойынша, үйлену сауда-саттық сияқты

дүниелік істер болып ғибадатқа жатпайды. Дәлел

мұсылман еместердің некесінің де Исламда жарамды бо-

283

әт-Тағрифат лилЖуржәни, Әли бин Мухаммад бин Әли, 196, 315

беттерде. Ибраһим әл-Әбияри редакциясы. Дар ар-Райян литтурас.

284

Сонда.