175
Неке бөлімі
жәрдем етсеңдер, екі сауап бар. Жақындық сауабы және
садақа сауабы»
288
.
Исламда неке келісім шарты кезінде бір дін адамының,
яки ресми бір мемлекет қызметшісінің болуы шарт емес.
Үйленетін еркек пен әйелдің, яки бұлардың өкілі секілді
өкілетті біреулердің және куәлардың болуы жеткілікті.
Ислами үкімдерді білетін дін адамының некені қиюы
үйленудің Исламға лайық түрде жүргізілуіне көмекші
болуы ғана. Өйткені Ислам дінін білуші адамның некені
қиюы, қажетті сауалдар сұрап жауап алуы некенің рүкін
және шарттарына жатпайды. Бұл жағдай оның діни ере-
кшелік пен ғибадат жағына ешқандай кедергі жасамай-
ды.
Үйленудің заңдылығына қатысты дәлелдер
Үйлену халал болып Кітап, сүннет және ижмағ
дәлелдеріне сүйенеді.
Құранда:
ِوَأَنْكِحُوا الَْيَامَى مِنْكُمْ وَالصّالِحِينَ مِنْ عِبَادِكُمْ وَإِمَائِكُمْ إِنْ
يَكُونُوا فُقَرَاءَ يُغْنِهِمُ اللُّ مِنْ فَضْلِه
«Іштеріңдегі бойдақтарды (ержеткен ұл-қыздарды,
тұл ер, әйелдерді) сондай-ақ қолдарыңдағықұл, күңдердің
дұрыстарын үйлендіріңдер. Егер олар кедей болса да,
Аллаһ өз кеңдігімен оларды байытады»
289
.
288
Муслим, Зәкәт.
289
«Нұр» сүресі, 32 аят.