179
Неке бөлімі
қарындастарым бар. Мені мен қарындастарымның
арасына кіреді ме де қорықтым», - деп жауап
қайтардым. Сонда ол (аләйһис-саләту уәс-сәләм):
«Олай болса, дұрыс істепсің», - деп риза болды
деген.
Жабир ибн Абдуллаһтан
(р.анһ.)
жеткен басқа бір
риуаятта: «Абдуллаһ (Жабирдің әкесі) қайтыс бо-
лып, өзінен кейін жеті қыз қалдырды. (Жабир ай-
тады) Сөйтіп мен бір тұл әйелге үйлендім. Сонда
пайғамбарымыз
(аләйһис-саләту уәс-сәләм)
: «
Ей, Жабир,
үйлендің бе?»-
деді. Мен «Иә»,- деп жауап қаттым.
Ол
(аләйһис-саләтууәс-сәләм)
:
«Қыз ба,тұлма», -
депсұрады.
«Тұл әйелге үйлендім»,- деп жауап бердім. Сонда
пайғамбарымыз
(аләйһис-саләту уәс-сәләм)
:«Сен онымен, ол
сенімен көңіл көтеретін, сен оны күлдіріп, ол сені
күлдіретін бір қызға үйленбедің бе?»
- деді. Мен:
«Әкем Абдуллаһ қайтыс болып, жеті (не тоғыз)
қыз қалдырды. Сондықтан мен өздерімен жасты
қызды алуды ұнатпадым. Мен оларға бас-көз бо-
латын бір әйел алуды жөн көрдім», - дедім. Сонда
Аллаһтың елшісі
(аләйһис-саләту уәс-сәләм)
:
«Аллаһ саған
берекесін берсін»
немесе «Қайырлы болсын!»,—
деп разылығын білдірді делінген.
2. Абдурахман ибн Салим ибн Утба ибн Уайим
ибн Сағида әл-Ансариден, ол өз әкесінен, әкесі
өз әкесінен жеткізген риуаятта Аллаһтың елшісі
(аләйһис-саләту уәс-сәләм)
:
«Сендер қыздарға (ер көрмеген)
үйленіңдер. Өйткені олар сөз тұрғысынан тұнық
(ауыздары таза), жатыры таза және аз нәрсеге
разы болып келеді»
298
,-
деген.
298
Сунан ибн Мажаһ, 1- том, 598-бет, 1861-хадис.