Previous Page  182 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 182 / 360 Next Page
Page Background

182

Отбасы ғылымхалы

(кірсін бе)?»,- дейді. Сонда оған: «Жаннатқа сен

де кір, әкең де кірсін»,-

деп айтады»,- деген.

304

6. Абдурразақтан

(р.анһ.)

риуаят етілген хадисте : «бір

кісі: «Уа, Аллаһтың пайғамбары! Менің бедеу

немере қарындасым бар, мен оған үйленгім ке-

леді» дегенде, ол

(аләйһис-саләту уәс-сәләм)

:

«Үйленбе»,

-

дейді. Әлгі кісі (өз сөзін) екінші және үшінші рет

қайталағанда Аллаһтың елшісі

(аләйһис-саләту уәс-сәләм)

:

«Оған үйленбе»,-

дейді де

«Бала туатын қара

әйелге үйленгенің, әдемі және сұлу бірақ бала ту-

майтын әйелге үйленгеніңнен жақсы», -

деген.

Алайда ер адам отбасын құру немесе бір неше әйел

алу ниеті болса, не өзі ауру не бір үзірлі жағдайлы

болып, өзімен бірге өмір сүретін бала тумайтын

әйелді қажет санаса ғана рұқсат етіледі. Сонымен

қатар әйелдің бойынан бедеулік орнын басатын

парасаттылық немесе діндарлық тәрізді басқа да

жақсы қасиеттер табылып жатса, оны алуға бола-

ды.

Қалыңдыққа қандай ер азамат абзалырақ?

Діннен хабары бар, байсалды әрі дінді таза ұстанатын,

сенімі берік және оны іс жүзінде амалға асыратын, жомарт,

жағдайы жақсы, асырауға шамасы келетін, күшті, көрікті,

жас, тақуа, сондай-ақ әйелімен жақсы қарым-қатынаста

бола алатын, алған әйелін ұнатса сыйлайтын, ал ұнатпаса

қорламайтын және зұлымдық жасамайтын адам ғана күйеу

болуға әбден лайық.

Оған мына хадистерді келтіруге болады:

304

Мажмағ әз-Зәуаид, 4-том,258-бет. Муснад Әбу Ханифа 1-том,107-бет

уәллаф лилҺәйсами,