Previous Page  186 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 186 / 360 Next Page
Page Background

186

Отбасы ғылымхалы

Неке келісімінің тақырыбы, яғни ерлі-зайыптылардың

осы үйленудегі мақсаты – бір-бірлеріне жақындау.

Сондықтан тек қана үй шаруасына қарау мақсатымен

жасалған келісім жай ғана «іс келісімі» ғана бола алады.

Неке келісімінде ерлі-зайыптылардың ғұмыршаңдығы

негіз болып табылады. Мәһір некенің өзіне қатысты бір

рүкіні емес. Нәпақа секілді некенің үкімдері.

Ұсыныс – неке келісімінде екі жақтың біреуінің

алғаш рет жасаған ұсынысы. «Маған үйленуді қабыл ет»

ұсынысына екінші жақтың «қабыл еттім» деу түріндегі

жауабы «қабылдауға» жатады. Бұл жерде алғаш ұсынысты

әйел не ердің жасауы шарт емес. Алғашқы ұсыныс –

«ижаб», екіншісі – «қабул» түрінде. Фиқһ ғалымдары ижаб

және қабул келісімінің айтылу түрлеріне де бірауыздан

келіскен.

310

Неке ұсынысын қабылдаудағы қажетті

шарттар

1. Екі жақ үйлену ниеттерін неке отырысында жа-

риялауы және ұсыныс пен қабылдау дереу бірінің

артынан бірі болуы керек. Екі жақ бір-бірінен

қалыпты сөйлеген сөзді естімейтіндей алыстау

болса, неке отырысын тастап кеткенмен тең бо-

лады. Әбу Юсуп бойынша, бір жақ неке отыры-

сында жоқ болса, екінші жақ куәлардың көзінше

310

Әл-Марғинани, «әл-Һидая», шарх әл-Бидая 1/137. Мұхаммад Али

Сабих баспасы.; «Шарх Фатх әл-Қадир», 2/340. Әс-Сауи әл-Мәлики,

«Булғату әс-Сәлик Ли ақраб әл-мәсәлик»; әд-Дирдир, Ахмад, «әш-

Шарх ас-сағир алә әл-қутб әш-шәһир» 2т., 6-7 бб. «Дар ихия әл-

ккһутуб әл-арабия»; «Әл-Муғни әл-Мухтаж»3/139. «Әл-Муғни»

және «әш-Шарх әл-Кәбир» 7/430. «Әл-Ғудда шарх әл-Ғумда», 360-б.;

Әл-Муртаза, Ахмад «Әл-Бахр әз-Заххар әл-Жәмиғ лимазаһиб ғұлама

әл-әмсар» 4/18, «Дар әл-Китаб әл-араби».