190
Отбасы ғылымхалы
дейтін болса, әйел де осыны қабылдаса, біріншісі – «мұта
некесі», екіншісі – «уақытша неке» саналады.
Үшінші: Үйлену кезінде екі куәнің болуы.
Үйлену ауыр жауапкершіліктерді міндеттейтін киелі
шаңырақ құру болғандықтан, мұны халыққа жарияланып
құпия қалмауы және арнайы куәлармен анықталуы қажет.
Дәлел – аят пен хадис.
Құранда:
ِوَاسْتَشْهِدُوا شَهِيدَيْنِ مِنْ رِجَالِكُمْ فَإِنْ لَمْ يَكُونَا رَجُلَيْنِ فَرَجُلٌ
وَامْرَأَتَانِ مِمّنْ تَرْضَوْنَ مِنَ الشّهَدَاء
«Ер кісілеріңнен екі куә жасаңдар. Егер екі ер бол-
маса, онда разы болатын куәлардан бір ер мен екі әйел
жетеді»
311
.
Аят саудаға қатысты болумен қатар үйлену
келісіміне де жатады
312
.
Куәгері қызметі
Үйлену кезінде куәнің атқаратын міндеті – үйленуге
қатысты ұсыныс пен мақұлдауды есту және түсіну.
Сондықтан куәлардың бір жерде бірге болулары қажет.
Бір жерде болғанымен үйлену қалауларына куә болғандар
қашық отырса куәліктері жарамсыз болып табылады.
Куәлікте қажетті ерекешеліктер
Бірінші
: Куәнің ақыл есі түзу, балиғат жасына жеткен
болуы. Ақыл есі жарым, жас бала куәлік жасай алмай-
ды.
Екінші:
Куәлардың екі ер, не бір еркек, екі әйел болуы
қажет. Жалғыз куәмен неке жүзеге аспайды. Хадисте
«Бір
311
«Бақара» сүресі, 282-аят.
312
әл-Ихтияр. 2/135.