192
Отбасы ғылымхалы
туыстарының бірі заңды өкіл ретінде некеге қатысатын
болса онда ол куәға жатпайды.
Жетінші
: Ханафилер бойынша куәлардың әділ бо-
луы шарт емес. Екі пасық куәнің куәлігі жетіп жатыр.
Өйткені пасық заңды өкіл болуға лайық. Ханафилерден
басқа көпшілікке қарай пасықтың куәлігімен неке дұрыс
болмайды. Хадисте:
«бір уәли және екі әділ куә болмайын-
ша, неке болмайды»-
деп айтылған.
Жасырын некенің үкімі
Құпия жасалған неке дұрыс емес. Бірақ некенің
куәлардың алдында жасалып, кейіннен куәларға осыны
жасырыңдар деп айтса бұл неке жасырынға жата ма?
Әбу Ханифа және Шафиғи бойынша, бұл жасырынға
жатпайды. Өйткені куәларға айтылған сөз некеге зиянын
тигізбейді.
Имам Мәлік некенің қоғамға жария етуін бір шарт
ретінде қабылдағандықтан жасырын жасалған яки
куәлардың жасыруын қалаған неке жарамды болмайды.
Әбу Ханифа жасырын некені жарамсыз етпейді.
Некені заңды өкілдері, куәлар, ерлі-зайыптылар жасырса
да жарамды болады. Бірақ бұл жасыру – мәкрүһке жата-
ды.
Қажылық кезінде ихрамдағы адамның
некелесуіне рұқсат беріле ме?
Ханафи мазһабы бойынша өзінің үйленуіне де,
басқаны үйлендіруіне де болады. Бірақ үйленген әйелін
сүюі немесе ерлі-зайыптылардың шаһуатын оятатын іс-
терді жасауы ихрамды бұзады.