193
Неке бөлімі
ӘбуХанифа:«Ихрамдағыуақытта үйленуге де, басқаны
үйлендіруге де болады. Бірақ некесін қидырушының
шаһуатын оятатын істерді (сүю, сипау т.б) жасауы
дұрыс емес»,- деп айтқан. Ол Ибн Аббас
(р.анһ)
жеткізген:
«Пайғамбарымыз
(аләйһис-саләту уәс-сәләм)
ихрам кезінде Мимуна
(Ибн Аббастың нағашы апасы) анамызбен некелескен»
314
,
деген хадисті дәлелге келтірген.
Абдолла ибн Масғуд
(р.анһ)
: «Ихрам уақытында үйленсе
болады»,- деген. Басқа ғалымдардың келтірген дәлелдеріне
Ханафи мазһабында: «бұндағы мақсат некелесу емес, не-
гізі жыныстық қатынасқа тыйым салынғандығын меңзеп
тұр»,- деп топшылаған. Көпшілік ғұламалардың дәлелі
ретінде Осман ибн Аффаннан жеткен хадисі ихрам
уақытындағы некелесуге тыйым емес, сол тығыз және
құлшылық етуіне маңызды уақыттарда неке қидырумен
уақытын кетірмеуге ескерту деп түсіндірген
315
.
314
Сахих ал-Бухари. 5- том, 1966-бет, 4824-Хадис.
315
ал-Хужжаһ, 2-том, 209-беттен. «Ал- Мабсут» лис-Сархаси, 4-том,
191-беттен. Малики, Шафиғи және Ханбали мазһабтарының көпшілік
ғалымдарының пікірінше қажылықтағы ихрам киген адамның өзінің
некелесуі не құдалық түсуі немесе басқа адамды үйлендіруіне
болмайды. Имам Маликтің пікірінше бір талақ болады. Себебі
Маликилердің қағидасында ибн Қасим айтқанындай: «Бір нәрсенің
рұқсат етілгеніне адамдардың арасында келіспеушілік болса, онда
оның бұзылуы талақ болады. Сондай-ақ неке бұзылуынан бұрын
екеуінің біреуі қайтыс болса, арасына мирас керек болады. Уәлисіз
өзін некелеген әйелдің үкімі тәрізді. Бұндай жағдайда уәлиі рұқсат
етсе, некесі дұрыс болады және де қазының қазылық еткен некесін де
ешкім бұзбайды.Ихрамдағы адамның да некесі сол сияқты. Әр түрлі
пікірлер болғаны үшін. Егер де әйелмен төсек қатынасында болса,
онда оған айтылған мәһрі беріледі және де екеуінің арасын ажырату
керек. Әйел ғиддат уақытын күтеді. Бұған мына төмендегі дәлелдерді
келтіруге болады. Құран Кәрімде: «
,»فمن فرض فيهن الحج فلا رفث ولا فسوق
деген аяты дәлел. Нубайһ бин Уәһбтен, Бауырым Омар ибн Абдоллаһ
Талха бин Омарды Шубайһ бин Жубайрдың қызына үйлендіргісі