198
Отбасы ғылымхалы
а. Осман (р.анһ.) риуаят еткен хадис Пайғамбарымыздың (аләйһис-
саләту уәс-сәләм) сөзі, ал Ибн Аббастың (р.анһ.) риуаяты ондай емес.
Егер де Ибн Аббастың (р.анһ.) жеткізген хадисі кейінгі дейтін болсақ,
онда үкімді екі рет ауыстыру керек болады. Ал егер Османның (р.анһ.)
жеткізген хадисі кейінгі дейтін болсақ, онда Пайғамбарымыз (аләйһис-
саләту уәс-сәләм) ихрамға кірердің алдында Мимунамен үйленген
болады. Сондықтан үкім бірақ рет өзгеруі тиіс.
ә. ИбнАббас (р.анһ) бұл хадисті Мекке қаласы ашылмастан бұрынжәне
үмра қажылықты орындау кезінде риуаят еткен. Ол уақытта қажылық
үкімдері белгіленбеген және ихрамның шарттары да міндет болмаған.
Ал Осман (р.анһ.) қажылықтың шарттары анықталғаннан кейін хадисті
риуаят еткен. Яғни тігілген киім кию, т.б тыйым салынған. Қажылық
уақытында ихрамдағы адамға киімнің үкімі айтылғанда одан маңызды
болған некенің үкімі қалай айтылмайды.
б. Үйлену іс- қимыл арқылы жүзеге асады. Пайғамбарымыз (аләйһис-
саләту уәс-сәләм) үйленуі іс- қимылы. Сондықтан бұл үкімпайғамбарға
ғана қатысты рұқсат. Ал Осман (р.анһ.) риуаят еткен хадис үмбетіне
тыйым салынғандығы жайлы айтылған. Ал Пайғамбарымыздың
(аләйһис-саләту уәс-сәләм) іс-амалымен, айтылған сөзі қатар келсе, сөзі
маңыздырақ болып, дәлелге алынады. Кімде-кім Пайғамбарымыздың
(аләйһис-саләту уәс-сәләм) сөзін қайтарып, амалын алатын болса, ол
адам қателескен болады.
Өйткені усулда дәлел үшін Пайғамбарымыздың (аләйһис-саләту уәс-
сәләм) сөзі, амалынан күштірек болады. Себебі Пайғамбарымыздың
(аләйһис-саләту уәс-сәләм) амалы кейде тек өзіне ғана қатысты
болады.
в. Үлкен сахабалар Османның (р.анһ.) жеткізген хадисіне сәйкес амал
еткен. Егер Пайғамбарымыздың (аләйһис-саләту уәс-сәләм) хадисіне
ғалымдар арасында әртүрлі пікірлер болса, онда сол мәселеде төрт
халифаның қалай амал еткеніне қараймыз.
Имам Ағзам бұл мәселеде Ибн Аббастың (р.анһ.) жеткізген хадисін
ескере отырып, Османның (р.анһ.) жеткізген хадисі ихрам уақытында
үйленуге тыйым салу емес, бәлкім сол тар уақытта тек құлшылықа
болуды меңзеген деп түсіндіреді. Муатта кітабы, Имам Малик 1-том,
348-беттен. Шарх аз- Зарқани 2-том, 264-беттен. Кифаиа ат-Толиб
2-том, 97-бет. Ал-Умму лиш-Шафиғи 2-том, 120-бет, 5-том, 78-бет.
Ихтилаф ал-Хадис лиш-Шафиғи 1-том, 199-бет. Ал- Инсоф лил-
Мардауи 11-том, 170-бет.