202
Отбасы ғылымхалы
Аталарының қыз бауырлары түп қыз әпкелері мен түп
нағашы әпкелері де осы тыйымға жатады. Қыз жағынан
қарасақ та сол туыстарының еркек балалары, немере аға,
нағашыларымен тұрмыс құра алмайды.
2. Қайын жұрттық
(сихри)
туыс
Үйлену арқылы болған туыстыққа «қайынжұрттық»
(сихри)
туыстық деп атаймыз. Ажырасу, не өлім де бұл
туыстыққа әсер ете алмайды. Бұларды төрт топқа бөлуге
болады.
а. Өгей қыздар. Бір еркек әйелімен төсек қатынаста
болған соң оның бұрынғы күйеуінен болған қызы, не не-
мерелерімен үйлене алмайды.
ә. Қайын ене. Бұл жерде еркектің әйелімен төсек
қатынаста болуы шарт емес. Жалаң некенің өзімен-ақ
қайын ене мен оны анасымен үйлену кедергісі туады.
б. Әке мен атаның жарлары. Бір адам әкесі, не
аталарының әйелдерімен үйлене алмайды.
Құранда:
وَلَ تَنْكِحُوا مَا نَكَحَ آبَاؤُكُمْ مِنَ النِّسَاءِ إِلّ مَا قَدْ سَلَفَ إِنّهُ كَانَ
فَاحِشَةً وَمَقْتًا وَسَاءَ سَبِيل
«Әйелдерден әкелерің үйленгендерге үйленбеңдер.
Бірақ өткен өтті. Бұл бір арсыздық және жиіркенішті
жаман жол»,
– дейді
322
.
в. Ұрпағының әйелдері. Бір адам баласының яки
немересінің әйелімен үйлене алмайды. Құранда:
«Бел
балаларыңның әйелдерімен үйлену харам етілді»,
323
–
дейді.
322
«Ниса» сүресі, 22.
323
«Ниса» сүресі, 23.