204
Отбасы ғылымхалы
өздерінің туған ата-анасы еместігін айтуы тиіс. Бұған осы
аяттар дәлел.
3. Сүт туыстығы
Ислам діні сүт жолы арқылы бірнеше үйлену кедергісі
туатын негіздерді қойған. Аллаһ Құранда:
«Сендерге еміз-
ген сүтаналарыңжәне сүтбауырларың харам етілді»,
325
– дейді. Аят басқа сүт туыстары туралы айтпаған. Бірақ
хазіреті Пайғамбар
(аләйһис-саләту уәс-сәләм)
: «Ата-тегі жағынан
харам болғандар сүт жолымен де харам болады»
326
– деп
білдіреді.
Сүт туыстықтарды былайша атауға болады. Сүт ем-
ген бала сүт емізген әйелдің өз баласындай деп қабыл
етсек, әйелдің өз баласы өз отбасынан кімге үйленбейтін
болса, сүт емген бала да солармен үйлене алмайды. Яғни
бейне бір сүт емген бала сол әйелдің туған баласындай
болады. Сондықтан сүт емген балаға әлгі әйел сүт ана
болса әйелдің отбасындағылар сүт әке, сүт ата, сүт әже,
сүт бауыр, сүт немере әпке, сүт нағашы әпке болмақ.
Уақытша үйлену кедергілері
«Өмірлік үйлену кедергілері» ешқашан өзгермейтін
болса, ал «уақытша үйлену кедергілері» кейбіржағдайларда
өзгере алады. Дін айырмашылығы, төрт әйелге үйлену, үш
рет талақ ету, апалы-сіңлілі туыстарды бірінен кейін бірін
әйел етіп алу да осыған жатады.
325
«Ниса» сүресі, 23.
326
Бухари, Шәһәдәт. 7; Муслим, Рада. 1.