206
Отбасы ғылымхалы
Ал мұсылман әйелдің мүшрік яки әһлі кітаптың бір
еркек кісісіне тұрмысқа шыға алмайды. Өйткені бұл аят-
пен тыйым салынған.
2. Үш талақтан туған үйлену кедергісі
Исламда еркекке әйелін үш рет талақ етуге мүмкіндік
берген. Әйелін үш рет талақ еткен соң әйелі басқа бір
еркекпен үйленіп қайта ажырасқан соң ғана қосылу
мүмкіндігі туады.
Аллаһ Тағала Құранда:
فَإِنْ طَلّقَهَا فَلَ تَحِلّ لَهُ مِنْ بَعْدُ حَتّى تَنْكِحَ زَوْجًا غَيْرَهُ فَإِنْ طَلّقَهَا
َفَلَ جُنَاحَ عَلَيْهِمَا أَنْ يَتَرَاجَعَا إِنْ ظَنّا أَنْ يُقِيمَا حُدُودَ اللِّ وَتِلْكَ
حُدُودُ اللِّ يُبَيِّنُهَا لِقَوْمٍ يَعْلَمُون
«Екіден кейін ер әйелімен мүлде ажырасса, бұдан
кейін оған, ол басқа ерге тимейінше халал болмайды.
Егер оны, ол (екінші ері) талақ қылса, екеуі де Аллаһтың
шегін орындаймыз деп ойласа, қайта табысуларында
күнә жоқ»,
329
– дейді.
Үш талақпен ажырасқан әйел екінші ерге тұрмысқа
шыққанда онымен төсек қатынасында болуы шарт. Егер
әйел екінші ерімен жақын қатынаста болмай қайта ажы-
расып кейіннен бұрынғы ерімен қайта қосылғысы келсе,
қосыла алмайды. Пайғамбарымыз төсек қатынасын шарт
етіп қойған
330
.
Әйелдің бұрынғы ерімен қайта қосылудың шарттары
төмендегіше:
Бірінші:
Бір уақытта, не әр түрлі уақыттарда үш рет
талақ етілген әйел «ғиддатын» бітіруі тиіс.
329
«Бақара» сүресі, 230.
330
Бухари, Талақ, 7.