Previous Page  208 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 208 / 360 Next Page
Page Background

208

Отбасы ғылымхалы

дейін жалғасады. Құранда:

«Жүкті әйелдердің «ғиддат»

күту мерзімінің ақыры құрсақтағы баласын туғанға

дейін жалғасады»,

334

– дейді.

Пайғамбарымыздың заманында күйеуінен ажырасқан

бір әйел көп ұзамай босанады. Бірақ оның күту мерзімі

төрт ай он күнге жетпеген болатын. Ол Аллаһ елшісі-

не барып жағдайын айтып еді Хақ пайғамбар оған күту

мерзімінің бала тууымен аяқталғанын енді қалаған кезінде

күйеуге шығуға болатындығын айтады.

Ал әйел күйеуімен ажырасып жүкті емес болса онда

мұның күту мерзімі, «ғиддаты» үш рет хайыз көру мер-

зімі.

Құранда:

«Талақ болған әйелдер, үш етеккір мерзімі

күтеді»,

335

–дейді.

Хайыз жасына жетпеген жас қыздар мен хайыз жасы-

нан асқан кәрі әйелдер ажырасатын болса онда олардың

күту мерзімі – үш ай. Құранда:

«Етеккірден қалған

әйелдеріңнен күмәндансаңдар, олардың «ғиддат» мер-

зімі үш ай. Және хайыз көрмеген жас әйелдердің де

мерзімі осындай»,

336

дейді.

4. Көп әйелге қатысты үйлену кедергісі

Исламнан бұрын арабтар қалағанынша әйел ала бе-

ретін. Оның шегі болмайтын. Бұл тек қана арабтарға

ғана қатысты емес, бұрынғы Иран, Қытай мемлекет-

терінде көп әйел алу заңдары болған. Тіпті Рим елінде

ер мен әйел неке қимай-ақ бірге тұру заңдары бар еді.

Бұл қазіргі «азаматтық некеге» қатты ұқсайды. Тәуратқа

да қарайтын болсақ, Дәуіт пайғамбардың бірнеше әйел

334

«Талақ» сүресі, 4.

335

«Бақара» сүресі, 228.

336

«Талақ» сүресі, 4.