210
Отбасы ғылымхалы
«Екі қыз туысқа бірге үйленулерің харам етілді.
Бірақ өткен өтті»,
339
– дейді. Хадисте осыған қосымша:
«Әйелінің үстіне немере әпке мен нағашы әпкесін некелеп
ала алмайды»,
340
– дейді. Сондай-ақ сүт қыз бауырлар да
осылай.
6 .Өзгемен тұрмыс құрудан туған кедергі
Ислам діні әйелге тек қана бір еркекпен тұрмыс құруға
рұқсат берген. Сондықтан тұрмыс құрған әйел ажырас-
пай басқа ермен тұрмыс құра алмайды. Құранда:
«Некелі
әйелдермен үйленулерің харам етілді»,
341
– дейді.
Әйел күйеуі өліп, не ажырасып одан соң «ғиддат»
мерзімінен соң ғана өзгеге тұрмысқа шыға алады.
Сондай-ақ кейбір жұқпалы аурулар да үйлену кедергілері-
не жатады.
Тақуаның әңгімесі...
Хазіреті Әли мен Фатиманың қосылғанына көп болмаған
еді. Бірде-бір мәмілеге келе алмай өз ара тартысады. Осы
кезде Аллаһ елшісі келіп қалады. Бірақ екеуі сездірмеуге
тырысады. Аллаһ елшісі дем алмақ болып жерге төсеніш
төсейді. Хақ пайғамбар
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
жерге
жатқан кезде хазіреті Фатима әкесінің жанына жақындап
отырды. Осыны көрген хазіреті Әли де Пайғамбардың келесі
жағына жақындап отыра қалды. Мән-жайды байқап тұрған
Аллаһ елшісі хазіреті Әлидің қолынан ұстап алып көкірегіне
апарды. Бір қолымен хазіреті Фатиманың да қолынан ұстап
оны да көкірегіне апарды. Осылайша екеуі табысқанға дейін
жібермеді.
Екеуі қайта татуласқан соң Аллаһ елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм)
үйден күлімдеп шықты. Оның осы қуанышын көрген
339
«Ниса» сүресі, 23.
340
Бухари, Никах, 27.
341
«Ниса» сүресі, 24.