216
Отбасы ғылымхалы
Некеде діни яки ресми бір
қызметкердің болуы
Некенің үйленетін ерлі-зайыптылар мен екі куәнің
арасында немесе ерлі-зайыптыларға өкілдік ететін заңды
өкіл яки уәкілдердің алдында жасалатындығын жоғарыда
айтып өттік. Ендеше осылармен бірге сырттан бір діни
не неке қиятын қызметкердің қатысуы некенің дұрыс не
қажеттілігі не болмаса күшіне ену шарттарына жатпайды.
Яғни оларсыз да некенің шарттары дұрыс саналып неке
қиыла береді.
Үйлену ісінің жүйеленіп, үйленетін ерлі-зайыптылар
неке шарттарының іске асуын бақылау үшін неке қию ісін
жақсы білетін діни, не неке қиятын қызметкердің болуы
абзал болмақ.
Бұл кісілердің яғни діни адам молда, имам не болмаса
мемлекеттің неке тіркейтін ресми қызметкері болуы ара-
сында айырмашылық жоқ. Ең бастысы қиылған неке ис-
лами шарттарға сәйкес болуы қажет. Кейбір мемлекеттік
жүйеде неке куәлігін қыз бен жігіттің өз ара келісімін ғана
есепке алып табыс етуі мүмкін. Ал мұндай неке Исламда
некеге жатпайды.
Пайғамбарымыздан бері қарай неке қияр кезде
отбасының үлкендерінің болуы, арнайы сөз сөйлеуі, дұға
жасалып, бата беруі одан соң арнайы ас берілуі үйленудің
мұстахап амалдарына жатады.
Неке рәсімінде сөз сөйлеу (хұтба) мен дұға
Көптеген мүштәһидтердің көзқарасына қарай
үйленетін жігіттің яки оның заңды өкілінің (ата-ана т.б)
некеден бұрын сөз сөйлеуі мұстахапқа жатады.