221
Неке бөлімі
басымызға қиындық түскенде жылауға рұқсат берген»,
352
-деп жауап берді.
Пайғамбарымыз
(аләйһис-саләту уәс-сәләм)
үйлену тойында
дабыл соққанды жақсы көретін делінеді. Кейбір риуа-
ятта:
«оны (яғни дуфын) дауыс ырғағымен қоса қатты
соғыңдар»
,-дегені баяндалады.
Жәбирден
(р.анһ)
: «Айша анамыз туысының бірін
ансарлардың біріне некелестірді. Сонда Аллаһ елшісі
(аләйһис-саләту уәс-сәләм)
:
«Қызды тұрмысқа бердіңдер ме
әрі онымен бірге
әтәйнәкум әтәйнәкум фә хаийанәә
уа хәййаакум
деп айтатын біреуді қоса жібердіңдер
ме?»
353
,- деп сұрағаны риуаят етіледі.
Отбасын құрудың мақсаты
Аллаһ Тағала адамзатты жаратты және оны жер
бетіне халифа (басшы) қылды әрі оны ең құрметті етті.
Сондай-ақ барлық жаратылысты оның игілігіне арнап,
қызмет еттірді. Құран Кәрімде:
َوَسَخّرَ لَكُمْ مَا فِي السّمَاوَاتِ وَمَا فِي الَْرْضِ جَمِيعًا مِنْهُ إِنّ فِي
ذَلِكَ لَيَاتٍ لِقَوْمٍ يَتَفَكّرُون
«
Және де Ол, Өз тарапынан сендер үшін көктердегі
әрі жердегі барлық нәрсені бағындырды. Шын мәнінде
осыларда түсінген ел үшін белгілер бар
»
354
,-
делінген.
Адамзатқа осы әлемді көркейтуді әрі тек бір Аллаһқа
ғана құлшылық етуді бұйырды. Құран Кәрімде Салих
пайғамбардың өз еліне:
«Ей, елім! Аллаһқа құлшылық
қылыңдар. Сендердің Одан басқа ешбір тәңірлерің жоқ.
352
Әл-Мустадрак ғалә әс-сахихайни, 2-том, 201-бет. 2752-хадис.
353
ас-Сунанил Кубро, 3-том, 332-бет, 5566-хадис.
354
Жасия сүресі, 13-аят.