Previous Page  219 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 219 / 360 Next Page
Page Background

219

Неке бөлімі

Некеден кейін ерлі-зайыптыларды құттықтау сүннетке

жатады. Пайғамбарымыз үйленген ерлі-зайыптыға:

«Аллаһ осы үйленуді саған берекелі етсін және екеуіңді

де жақсылықта біріктірсін», - деп дұға етеді.

Сондай-ақ некенің жұма күнінің ақшамында жасалуы

да Аллаһ елшісінің насихаттарының бірі. Жұма ақшамы

– бейсенбінің батқан күнінен басталады.

Үйленуді жұртқа жария ету және той жасау

мәселесі

Үйленгенді жұртқа жария ету және той жасау некенің

шарттарына кірмейді. Бірақ үйленгендігін жария ету

және дабыл қағу мұстахап амалына жатады. Той үстінде

Имам аз-Заркашидің айтуынша құтпалардың саны он екі. Оның

төртеуі намазға, төртеуі қажылыққа және төртеуі некеге байланысты.

Намазға қатысты құтпалар: 1) Жұманың екі құтпасы (парыз), айт

намазының екі құтпасы (сүннет) Кусуф (күн тұтылғандағы) намаздың

құтпасы және Истисқа (жаңбыр тілеу) намазының құтпасы. Кусуфтен

басқа құтпалар екі бөлімнен тұрады. Кусуфта бір құтпа оқылса да

жеткілікті. Қажылыққа қатысты құтпалар: 1) Зул-хижжа айының

7-күні бесіннен кейін (бір құтпа). 2) Арафа күні Минадағы бесінге

дейін оқылатын екі құтпа. 3) Айт күні түс ауғаннан кейін оқылатын

дұға. 4) Алғашқы қайту («Йәум ән-нафр», яғни зұл-хижжаның 12-

күні) бесін намазынан кейінгі құтпа.Арапа құтпасынан басқа барлық

құтпалар намаздан кейін, ал, Арапа құтпасы болса, жұма құтпасы

сияқты намаздан бұрын оқылады. Некеге қатысты құтпалар: 1) Құда

түсердегі құтпа, 2) Уәлидің жауап бергенінен кейінгі құтпа, 3) неке

келісімі жасалғаннан кейінгі құтпа, 4) Күйеу жігіттің некені қабыл

алғанынан кейінгі құтпа.

Ибн Сурақа «Иғдад» атты кітабында: «Жұма және Арапа күндерінің

құтпасынан басқа құтпалар сүннет. Ол екеуі болса парыз, намаздан

бұрын күн төбеден ауғаннан кейін оқылады», -деген. әл-Мауарди

де: «Жұма және Арафат құтпасынан басқа құтпалар намаздан кейін

оқылады»,-деп айтқан. Сондай- ақ ол: «Намазға дейінгі оқылатын

құтпалар уәжіп, ал намаздан кейін оқылатындары сүннет»,- деген.

Қ.: М.Б. әз-Зәркаши, «әл-Мәнсур», 2/121, Кувейт, 1405, 2-басылым.

Тайсир Фаиқ Ахмад Махмуд редакциясы.