Previous Page  215 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 215 / 360 Next Page
Page Background

215

Неке бөлімі

Дегенмен қыз өзінің теңі болмаған біржігітке тұрмысқа

шықса, не өзге қыздардың мәһірімен салыстырғанда аз

мөлшерде мәһір беріп әділетсіздік жасаса, мұндайжағдайда

ата-анасы не олардың орнын басқан қамқоршылар осы

некенің күшін жоюға құқы бар. Бірақ мұндай кезде күйеуі

дереу жағдайын түзеп, әйелімен тіл табысатын болса яки

мәһірдің мөлшерін толықтарып кемшілігін жоятын болса,

онда неке жарамды.

Сондай-ақ үйленетін жігіт яки қыз неке қияр кезде

өздері келмей орындарына заңды өкілдерінің, яки өздері

жіберген уәкілдерінің келуіне болады. Яғни мұндай кезде

олар үйленетін қыз бен жігіттен рұқсат және өкілдік алуы

керек.

Ал ханафилардан басқа үш мәзһабта қыздың ақыл-

есі дұрыс, балиғатқа жеткен болса да некені жалғыз өзі

мақұлдай алмайды. Міндетті түрде қасында заңды өкілдері

(ата-ана) өкілдік етуі қажет. Тек ханафи мәзһабында ғана

қыздың өзі некеге қатыса алады.

Неке қиярда бойжеткен қыз ердің ұсынысына жауап

бермей үнсіз қалса не үнсіз жыласа не болмаса жылы шы-

рай танытып күлімдесе бұл мақұлдаған болып, үнсіздік

құптаудың белгісі болып табылады.

Сондай-ақ, саңырау, мылқаулар арнайы белгілер-

мен яки хат танитын болса жазып мақұлдағандарын біл-

діреді.

Һәм үйленетін қыз бен жігіт бір-бірінен жырақта бол-

са үйлену ұсыныстарын хат арқылы білдіре алады. Осы

жазылған ұсыныс хат куәлардың алдында оқылып келесі

жақ мақұлдаса неке іске асады

345

.

сәләм)оның некесін бұзған. Сунану ат-Тирмизи 3-том, 407-408-бет,

1008-хадис, «Китабу ан-Никах».

345

Касани, 2 том. 241 бет.