211
Неке бөлімі
сахабалар қуаныштың сырын сұрады. Хақ пайғамбар
(саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм)
: «Неге ғана қуанбайын. Жаңа ғана ең жақсы
көретін екі адамымды жарастырып келдім»,- дейді
342
.
Неке және үйлену рәсімі
Некенің қиылу түрі
Араларында үйлену кедергісі жоқ ақыл-есі толық,
балиғат жасына жеткен еркек пен әйел екі ер не бір ер, екі
әйел куәлары бар жерде үйлену рәсімдерін жасап үйлене
алады. Ал осы ер мен әйелдің ата-анасы не олардың орнын
басатын қамқоршыларынан (яғни заңды өкілдері) рұқсат
сұрап не олардың да сол неке рәсіміне қатысып некенің
қиылуы ханафи мәзһабында мұстахап саналады. Бірақ неке
олардан бейхабар жасалса да іске асады. Әйтсе де үйлену
аса маңызды нәрсе болғандықтан бұл туралы ата-ана мен
жақындарының хабары болуы яки ризалығы болуы ислами
әдептілік, парасаттылыққа жатады. Қыз бен баланың ата-
ана не олардың орнын басатын жақындарының рұқсаты
болмауы Әбу Ханифа мен Әбу Жүсіп бойынша некенің
дұрыстық шарттарына жатпайды. Бірақ олардың рұқсаты
болуы қажеттілік шартына жатады.
Ханафилерде қыз ата-анасымен келіспей-ақ тұрмысқа
шығып, некесін қидыратын болса мұндай некенің жарам-
ды екенін мынадай хадистерге сүйенеді.
1. Ибн Аббас
(р.анһ.)
Пайғамбарымыздың
(аләйһис-саләту
уәс-сәләм)
:
«Қайсы бір әйелдің уәлиінсіз (ата-ана, т.б) өзін
некелеуге хақы бар. Ер көрмеген қыз да өз келісімін айта-
ды. Оның келісімі – үндемеуі»
343
,
-дегенін риуаят еткен.
342
Ибн Хажар, Исәбә.
343
Сунани ат-Тирмизи, 3-том, 407-408-бет, 1108-хадис. Китабу ан-
Никах, Бұл хадисті Хасан, Сахих деген.