207
Неке бөлімі
Екінші:
Әйел бұдан кейін бір еркекпен дұрыс неке
қиып үйленуі қажет.
Үшінші:
Тұрмысқа шыққан екінші ерімен төсек
қатынасында болуы керек.
Төртінші:
Өлім, не кәдуілгі ажырсу арқылы екінші
күйеуінен талақ етіледі.
Бесінші:
Әйел екінші ерінен соң «ғиддатын» күтіп
аяқтайды.
Әйелін үш рет талақ еткен ер кісі кейіннен өкініп сол
әйеліне қайта қосылғысы келіп біреуді жалдап әйелін соған
некелеп, қайта ажырастырып алатын болса мұнысы дұрыс
болмайды. Бір хадисте:
«Келісімді неке жасағанға және
өзі үшін осындай неке жасағанға Аллаһ елшісі лағынет
етті»,
– деп айтылған
331
. Тіпті бір хадисте Пайғамбарымыз
жалданған адамды:
«Жалдамалы теке»
деп атаған
332
.
3. «Ғиддатқа» қатысты үйлену кедергісі
Бір әйел күйеуінен ажырасқан соң қайта біреуге
тұрмысқа шығу үшін белгілі бір уақытқа дейін күту кезеңі
«ғиддат» деп аталады. Бұл мерзім жүктіліктің анықталуы
үшін аса маңызды нәрсе.
Ислам дінінде «ғиддат» мерзімі үйленудің себебіне
қарай әр түрлі мерзімдер белгіленген.
Үйлену ерінің өлімі арқылы аяқталса әйелдің күтетін
«ғиддат» мерзімі – төрт ай он күн. Құранда:
«Сендерден
қайтыс болып артында қалған әйелдердің өздері: төрт
ай он күн «ғиддат» күтеді»,
333
– дейді.
Ал егер үйлену кез-келген жағдаймен аяқталып, әйел
жүкті болса онда оның күту мерзімі (ғиддат) босанғанға
331
Әбу Даууд, Никах, 15. Тирмизи, Никах, 27.
332
Әбу Даууд, Никах, 15. Тирмизи, Никах, 27.
333
«Бақара» сүресі, 234.