203
Неке бөлімі
Алайда асыранды баланың жағдайы басқа. Оның
туыстарымен ешқандай үйлену кедергісі болмайды.
Хазіреті Пайғамбар
(аләйһис-саләту уәс-сәләм)
Зәйітті бала
етіп алған болатын. Кейіннен осы Зәйітті Зейнеп бин-
ти Жаһшпен үйлендіреді. Кейіннен Зәйіт Зейнептен
ажырасқанда Зейнеп Пайғамбарымыздың келіні
саналғандықтан олардың арасында үйлену кедергісі
болған еді. Алайда Құран:
«Сонда одан Зейіт ажырасқан
кезде оны саған некеледік. Мұсылмандарға асыранды
баласынан ажырасқан әйелдерді алуда бір қиындық
болмауы үшін»,
324
– дейді.
Мінекей осы аятта асыранды бала туған баласының
орнын баса алмайтындығын көрсетеді.
Ерлі-зайыптыларға бала асырап алуға болмай
ма?
Баласы жоқ ерлі-зайыптылардың бала асырап алу-
ларына болады. Бірақ сол баланы екі жасқа дейін әйел
емізуі қажет. Ол туралы сүт туыстығы тақырыбында сөз
болды. Екі жастан аспай тұрып емген бала сол әйелге де
оның күйеуіне де «сүт бала» болып саналады. Өз бала-
сындай бір үйде тұруына болады. Алайда сәби екі жас яки
отыз айдан асып кететін болса онда қанша емгенмен сүт
бала бола алмайды. Ол асырынды бала болып, балиғатқа
жеткенде асырап алған ерлі-зайыптыларға туған яки сүт
баласындай бола алмайды. Сол себепті аталмыш аятта
айтылғандай әлгі бала үйде бөгде біреу яки қонақ секілді
болады. Ұл болса асырап алған әйелмен қыз болса асырап
алған ермен бірге бір үйде тұра алмайды. Өйткені арала-
рында бір-бірімен үйленуге мүмкіндігі болады. Әрі асырап
алған бала сүт бала болса да болмаса да есі кіргенде оған
324
«Ахзап» сүресі, 37.