200
Отбасы ғылымхалы
екеулерің үшін де мүбарак болсын. Аллаһ бақыт нәсіп етсін.
Сендерге қайырлы ұрпақ берсін!» - деп дұға етті. Сосын ай-
наласына қарап келген қонақтарға құрма таратуын сұрады.
Құрма үстінде көптеген дұғалар жасалды.
Неке қиылып біткен соң Аллаһ елшісі хазіреті Әлиге:
– Ал, Әли енді үйлену тойың үшін ас беруің қажет деді.
Хазіреті Әли:
– Құп болады деп орнынан қарғып тұрып әзірлік жасай
бастады.
Сағд ибн Муаз былай дейді: «Менің бір қошқарым бар бола-
тын. Пайғамбардың Әлиге айтқан сөзін ести сала дереу барып
сол қошқарды алып келіп соны сойдық. Мәдиналық бір топ
сахаба да тары әкелді. Дастархан жайылып келген қонақтарға
ас берілді. Бәрі де тойғанша жеді
318
.
Әсма бинти Умәйс Фатима анамыздың үйлену асы тура-
лы айтқанда былай дейді: «Әли мен Фатима үйленген кезде
қонақтарға ас беру үшін Әли сауытын бір яһудиге кепілдік-
ке беріп одан азық-түлік сатып алды. Сол заманда Әли мен
Фатиманың асынан мол және одан дәмдісін көрмедім.
Үйленетін күні Аллаһ елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
үйлену
тойы болатын жерге қашырын мініп келді. Қашырынан түсіп
Фатимаға: «Қанекей, мін!», - деді. Ол мінген кезде хазіреті
Салманға қарап: «Мынаның тізгінінен ұстап үйіне апар»,- деді
де өзі біраз жерге дейін артынан еріп шығарып салды
319
.
Той аяқталған соң келін мен күйеу үйлеріне кетті.
Аллаһ елшісі оларға біраздан соң үйлеріне баратынын айт-
ты. Айтқандай біраздан соң олардың үйінің есігін қақты.
Есікті Умму Әймән ашты. Аллаһ елшісі оған су әкелуін
сұрады. Ол су алып келді Пайғамбар алдымен қолдарын
жуды. Сосын Әлиді шақырды. Әли келген соң оны қарсы
алдына отырғызды. Одан соң қолындағы судан Әлидің
арқасына және иықтарының арасына бүрікті. Сосын
Фатиманы шақырды. Аллаһ елшісі оған да дәл солай су
бүркіп: «Аллаһым! Осы үйленуді мүбарак ет! Олардың
318
Жума. Нисау әһлил-бәйт, 567.
319
Ибн Манзур, Мухтасару тарихи Димашқ.