201
Неке бөлімі
ұрпақтарын мүбарак ет!» деп дұға етті. Одан кейін «Фалақ»,
«Нас» сүрелерін оқыды
320
.
Үйлену кедергілері
Ислам дінінде үйлену кедергілері өмірлік және
уақытша болып екіге бөлінеді. Өмірлік дегені ешқашан
өзгермейтін кедергілер. Қан, сүт және үйлену арқылы
туыс болу осыған жатады.
Өмірлік үйлену кедергілері
Құранда өмірлік үйлену кедергілері туралы былай
дейді:
«Сендерге аналарың (әке-шешелеріңнің ана-
лары), қыздарың (ұл-қыздарыңның қыздары), қыз
туыстарың (әке-шеше бір яки бөлек), әкелеріңмен
туысқан әйелдер, шешелеріңмен туысқан әйелдер, еркек
және қыз туыстарыңның қыздары (олардың қыздары),
сүт емізген аналарың, емізген қыз туыстарың, қайын
енелерің, жақындасқан әйелдеріңнің (бұрынғы ерінен
болған) қолдарыңдағы өгей қыздарың, егер ол әйелдерге
жақындаспаған болсаңдар, сендерге бір оқасы жоқ.
Бел балаларыңның әйелдері және екі қыз туысқа
бірге үйленулерің харам етілді»
321
.
Осы аятта үш топ
туыстықтың өмірлік үйлену кедергісі болғандығын ай-
тады.
1. Қан туыстығы
Осыған орай бір адам өз тегі (ата-баба, әже,) ұрпағы,
қыз бауырлары және олардың балалары, әкесінің қыз
бауырлары, яки нағашы әпкелерімен үйлене алмайды.
320
Ибн Сад, Табақат.
321
«Ниса» сүресі, 23.