197
Неке бөлімі
жазушы ғалымдар Мимуна Мекке қаласында тұрмыс құрғанын
және де Мәдинадан Пайғамбарымызбен (аләйһис-саләту уәс-сәләм)
келмегенін, сондай-ақ үмрада бірге болмағанын айтады. Егер де ол
Мекке қаласының тұрғыны болса, қалай Пайғамбарымызбен (аләйһис-
саләту уәс-сәләм) Сараф жерінде ихрамда болған болады.
Жетінші. Пайғамбарымыз (аләйһис-саләту уәс-сәләм) ғумраны
аяқтап Меккеден шыққаннан кейін Меймунамен үйленген. Меккеден
онымен бірге қайтқан. Тек қана Зуль Хулайфа деген жерден ихрамды
бастаған. Пайғамбарымыздың үйленген уақытында ихрамда болмаған
туралы риуаят етушілердің сөздері шындаққа жақынырақ. Сондықтан
Пайғамбарымыз (аләйһис-саләту уәс-сәләм) ихрамға кірерден бұрын
немесе умраны аяқтағаннан кейін үйленген. Бірақ, ихрамнан бұрын
үйленді деп риуаят етушілер ілімі жағынан басымырақ келеді. Малик
Рабиғадан ол Сүлейман бин Ясардан риуаят етеді. Пайғамбарымыз
(аләйһис-саләту уәс-сәләм) Әбу Рофиғ жәнеде аңсари бір адамды
елшіліккежібереді.ОларПайғамбарымызды(аләйһис-саләтууәс-сәләм)
Харис қызы Меймунамен үйлендіреді. Ол уақытта Пайғамбарымыз
(аләйһис-саләту уәс-сәләм) Медине қаласынан шықпаған болатын.
Сүлейман ибн Ясардан Пайғамбарымыз (аләйһис-саләту уәс-сәләм)
Аббас ибн Абдулмутоллиб және Әбу Рофиғті елшілікке жібереді.
Олар Пайғамбарымызды (аләйһис-саләту уәс-сәләм) Сараф деген
жерде үйлендіреді. Ол уақытта ихрамда емес еді. Бұл мүрсәл хадис
болғанмен екі себепті күшті деп есептелінеді. Бірінші, Сүлейман бин
Ясар Меймунаның қызметшісі еді. Сондықтан оның басқаға белгілі
болмаған өзінің жеке жағдайларын көбірек білетін. Екінші, хадисті
риуаят етуші Әбу Рофиғдің некенің уақытында елші болғандығы
белгілі. Язид: пайғамбарымыз (с.ғ.с) Меймунамен үйленген уақытта
болмаған, және де оған Фадл бин Аббасты және бір адамды елшілікке
жібереді. Олар Пайғамбарымызды (аләйһис-саләту уәс-сәләм) оған
үйлендіреді. Бұл хадис некенің хажылықтан бұрын болғанының
айғағы. Ал екі адамның біреуінің есімі әртүрлі болып келеді.
Екінші жауап. Пайғамбарымыз (аләйһис-саләту уәс-сәләм)Мимунамен
үйленген уақытта ихрамда болғанына келіскеннің өзінде, бірінші
риуаяттың дәлелінің дұрыс еместігі және оның анық емес екені сөзсіз.
Екі риуаятты да қоя тұрып Осман (р.анһ.) жеткізген хадисінде ешбір
күмән жоқ және оған қарсы риуаяттар да жоқ.
Үшінші жауап. Пайғамбарымыз (аләйһис-саләту уәс-сәләм) үйленген
уақытында ихрамда болған деп сенген күнде де, Османнан (р.анһ.)
жеткен хадиске амал етуге мына себептер бойынша міндет болады.