199
Неке бөлімі
Үйленуде ризалық және қалаудың болуы
Үйленуде ризалықтың болуы қажет. Ризалық жоқ
жерде неке жарамды болмайды. Бір кісі біреуді өлім,
ұрып соғу, не тұтқындау қорқынышымен үйленуге
мәжбүрлейтін болса, онда бұл неке бұрыс болады.
«Аллаһ үмметімнен қателесу, ұмыту және
мәжбүрлеген нәрсенің үкімін жойды»
316
.
Хазіреті Айшадан жеткен бір деректе әкесі қызын
күштеп үйлендіреді. Пайғамбар сол қызға таңдау еркін-
дігін береді.
Ханафилер бойынша, мәжбүрленген адамның некесі
де талақ етілуі де жарамды, дұрыс болады. Өйткені қанша
мәжбүрленсе де ризалығы болмаса да меңзеу мен таңдау
бар. Бұл да әзілмен қарым қатынас жасауға ұқсайды.
Хадисте:
«Үш нәрсенің шыны да шын, әзілі де шын.
Неке, талақ және қайту талағында әйеліне оралу»
317
.
Сол себепті Османлы құқығындаШафиғи мәзһабының
көзқарасын негізгі көзқарас етіп қабылдап, қыз болсын,
ер болсын қорқытып еріксіз қабылдатқан неке жарамсыз
деп санаған.
Тақуаның әңгімесі...
...Хақ пайғамбар хазіреті Әнәске сахабаларды шақыруды
бұйырды. Көп ұзамай сахабалар да жиналып отыра бас-
тады. Осы кезде Аллаһ елшісі хазіреті Әлиге қарап: «сөз
сөйле»,- деді. Хазіреті Әли ұяла-ұяла орнынан тұрып азғана
сөз сөйледі. Артынан Аллаһ елшісі де қысқаша сөз сөйлеп
қызы Фатиманы 480-500 дирхам мәһірмен хазіреті Әлиге
бергенін айтты. Хазіреті Әли қатты қуанып: «Разымын,
Пайғамбарым!», деп дереу сәжде етіп, Аллаһ Тағалаға
шүкіршілік білдірді. Аллаһ елшісі құттықтап: «Осы неке
316
Ибн Мәжә.
317
Тирмизи. Талақ. Әбу Дәууд. Талақ.