196
Отбасы ғылымхалы
Пайғамбарымыздың (аләйһис-саләту уәс-сәләм) Меймунамен
үйленген уақытында ихрамда болмаған деген риуаяты дұрыс. Сол
сияқты Меймунаның азат болған құлы Сүлейман бин Ясар да солай
деп айтқан.
Бесінші. Пайғамбарымыздың (аләйһис-саләту уәс-сәләм) Меймунамен
үйленгенде ихрамда болмағаны туралы жеткен риуаяттар көп. София
бинт Шайбадан. Ол кісі жасамыс әйел еді. Пайғамбарымыздың
Меймунамен үйленген уақытында, онымен қосылған уақытында
да жәнеде оған құда түскен уақытында да ихрамда болмағаны
туралы айтады. Қади Меймуннан, ол Мәһромнан естігенін айтады.
Шайбақызы Софияға келдім, ол уақытта жасамыс әйел еді. Мен одан:
«Пайғамбарымыз Меймунамен үйленгенде ихрамда ма еді?» - деп
сұрағанда ол: «Жоқ, Аллаһ куә. Пайғамбарымыз оған үйленгенде ол
екеуіде ихрамда емес еді» - деп жауап береді.
Ол туралы көптеген табиғиндер де риуаят еткен. Ибн Ғабду әл-Бир:
«Мен сахабалардың ішінде Пайғамбарымыздың (аләйһис-саләту
уәс-сәләм) Меймунамен үйленгенде ихрамда болғаны туралы Ибн
Аббастан басқа ешбір сахабаны білмеймін», деп айтқан. Егерде, бір
мәселеде екі түрлі пікір болып, оның біреуінде бір риуаят етуші, ал
екіншісіне риуаят етушілер көп болса, онда бір адамның риуаят еткен
хабарында күмән басым болып, көпшілік риуаят етушілер жағы
шындыққа жақынырақ болады. Сондай ақ Ибн Аббас қателеспеді
деген күннің өзінде ол кісінің «мухрим» деген сөзі ихрамда деген
мағынада емес, бәлкім харам жерінде деп қабылдауға болады.
Себебі Ибн Аббас араб әдеби тілін жақсы меңгерген адам болатын.
Ал араб тілінде «ахрома» деген сөзді харам жеріне, харам мешітіне
немесе харам айына кірді деген мағыналарды да білдіреді. Мысалы:
«Олар Осман бин Ғаффан халифаны мухрим кезінде өлтірді» деген
өлең жолдарындағы «мухрим» деген сөзі ихрамда деген мағынаны
білдірмейді керісінше құрметті айда дегенді білдіреді. Сондықтан,
«мухрим» деген сөз қажылық уақытында немесе умра уақытында
ғана қолданбайды. Сол сияқты көліктерін сәндеп хажылыққа сапар
алдында дайындық жасалып, ихрамның әсері білінеді. Бәлкім Ибн
Аббас (р.анһ.) осы дайындық уақытында үйленгенін ихрамда болды
деп ойлаған болуы керек.
Алтыншы. Ибн Аббастан Икримаһ риуаятында Пайғамбарымыз
(аләйһис-саләту уәс-сәләм) Меймунамен үйленгенде екеуі де ихрамда
еді және некелерін Сарафта қидырды делінген.
Бұл риуаяттың қателігіне еш күман жоқ. Себебі барлық
Пайғамбарымыздың
(аләйһис-саләту
уәс-сәләм)
өмірбаянын