191
Неке бөлімі
заңды өкілі (уәли) және екі әділ куәсіз неке болмайды»
313
.
Бұл Әбу Ханифа мәзһабы бойынша. Ал имам Шафиғи
бойынша, некеде де екі куәнің ер болуы қажет. Ханбали
мен мәликилерде де осылай.
Ханафилерде бір ер мен екі әйел куә бола алады.
Әйелдердің куәліқтері қылмыскерді жазаға тарту сотын-
да ғана ұмыту және аңғалдықтары мүмкін болғандықтан
қабыл етілмейді. Ал некеде әйелдің ұмытшақтықтары кері
әсерін тигізбейді.
Үшінші.
Куәлар азат болуы тиіс.
Ханбалилерден басқа көпшілік куәлардың азат бо-
луын айтады. Ханбалиларда құл басқа хақтар туралы куә
болумен қатар, некеде де куә бола алады. Өйткені бұған
тыйым салған аят пен хадис жоқ.
Төртінші.
Мұсылман болуы.
Екі жақта да мұсылман болған некеде екі куәнің
да мұсылман болуы туралы ауызбірлік бар. Өйткені
кәпірлердің куәлік етуге құқы жоқ.
Әбу Ханифа және Әбу Жүсіп екі жақ, яки әйел ғана
әһлі кітаптан (христиан, яһуди) болса куәлар әһлі кітаптан
бола алады.
Бесінші.
Ғұламалардың көпшіліктерінің
көзқарастарына қарай неке қияр кезінде көру қабілеті
шарт болмай есту және түсіну қабілетінің болуы шарт
дейді. Сондықтан куәнің некедегі сөздерді түсінуі қажет.
Өйткені куәнің мақсаты осы. Болмаса куә мұны сөз салу,
құда түсу деп ойлауы мүмкін.
Алтыншы:
Куәлар үйленетін адамның туыстарынан
бола алады. Ата-ана, ата-әже, ерлі-зайыптылардың балала-
ры мен қыздары жоғарыда айтылған ерекшеліктері болса
куә бола алады. Бірақ Әбу Ханифа мәзһабынан басқа осы
313
Әбу Дәууд. Никах.