Previous Page  189 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 189 / 360 Next Page
Page Background

189

Неке бөлімі

тұрмауға не екінші әйелімен бірге тұрмауға шарт қосса

тура болады. Әйелге талақ құқығын беру де осыған жа-

тады.

Бұрыс шарт.

Мысалы екінші әйелімен ажырасу,

әйелдің төркінімен мүлде араласпау шарттары. Яғни

мұндай пайдасыз шарттар неке келісімінде «жарайды»

деп келісімін берсе де, кейіннен осы шарттарды бұзып

ері екінші әйелімен ажыраспаса, әйелі де төркінімен ара-

ласатын болса осы іс-әркеттер некеге ешқандай зиянын

тигізбейді.

Үйленудің «дұрыс» шарттары

Некенің нәтижесі дұрыс болуы үшін «дұрыс» шарт бо-

луы тиіс. Бұл да Исламның анықтаған дұрыс шарттарының

болуы арқылы жүзеге асады. Болмаса неке жарамсыз.

Бірінші

: Үйленетіндердің арасында тұрақты, не

уақытша бір үйлену кедергісінің болмауы.

Неке қияр кезде үйленуге барлық мүмкіндіктер болуы

тиіс. Сондықтан әйелдің ата-тегі, сүт, туыстары секілді

себептермен ер кісіге жақындығы болса неке жарамсыз.

Сондай-ақ әйелдің өзге біреуге тұрмысқа шыққан бо-

луы яки «ғиддаты» болуы жағдайында үйлену кедергісі

уақытша болады. Әйел ажырасып «ғиддатын» бітірген

кезде оған тұрмысқа шығуға рұқсат.

Екінші:

Ұсыныс пен мақұлдау үнемі, ғұмырлық бірге

болуды білдіретін бір әдіспен айтылуы.

Неке кезінде ұсыныс пен мақұлдау уақытша емес,

өмірлікті білдіретін бір әдіспен айтылуы тиіс. Үйлену

«бір ай», не «бір жыл» сияқты белгілі бір уақытқа жасалса

неке жарамсыз болады. Еркектің әйелге «бір айға саған

неке қияын», не «сені бір ай, не бір жыл уақыт немесе

мына қаладан көшіп кеткенге дейін сені өзіме некеледім»