Previous Page  184 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 184 / 360 Next Page
Page Background

184

Отбасы ғылымхалы

Үйленудің үкімі

Үйлену жағдайына қарай, некенің үкімі парыз, уәжіп,

сүннет, харам және мүбаһ болып бөлінеді.

1. Өз-өзіне сене алмай зина жасаудан қорыққан

адамға үйлену – парыз. Бірақ ол үшін бұл кісінің

мәһірді беретін және әйелінің нәпақасын табатын

шама-шарқы болуы қажет.

2. Зина жасаудан қауіптенетін адамның мәһір мен

нафақаны бере алатын шамасы болса, онда оған

үйлену – уәжіп. Ханафилерден өзге фиқһтерде па-

рыз бен уәжіп арасында ешқандай айырмашылық

жоқ.

3. Үйленген кезде әйелін ұрып сабап күн бермейтіні

айқын адамның үйленуі – харам. Құранда да:

309ِ

وَلْيَسْتَعْفِفِ الّذِينَ لَ يَجِدُونَ نِكَاحًا حَتّى يُغْنِيَهُمُ اللُّ مِنْ فَضْلِه

«Үйленуге шамасы келмегендер Аллаһ оларға

кеңдігінен байытқанға дейін ар-намыстарын

қорғасын»,

– дейді.

4. Әйеліне зұлымдық жасау иқтималы болған

адамның үйленуі – мәкрүһ.

5. Құмарлық сезім жағынан орта жолда болған

адамның үйленуі – сүннет. Яғни үйленбесе – зинаға

бармайтын, үйленсе әйеліне зұлымдық жасамайты-

нына көзі жететін адам. Қоғамның басым көпшілігі

осылай болғаны абзал.

Имам Шафиғи: Орта деңгейдегі адамның үйленуі –

мүбаһ. Оныөзі біледі. Оған бос уақыттарын құлшылықтарға

арнау, іліммен айналысу үйленуден жоғары саналады.

309

«Нұр» сүресі, 33-аят.