Previous Page  183 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 183 / 360 Next Page
Page Background

183

Неке бөлімі

1. Әбу Һурайрадан

(р.анһ.)

риуаят етілген хадисте

Аллаһтың елшісі:

«Егер сендерге мінез-құлқы мен діні

өздеріңе ұнайтын бір кісі келсе, онда үйлендіріңдер

(қыздарыңды беріңдер). Олай істемесеңдер жер бетінде

бүлік және ірі арсыздық болады»,-

дейді.

305

2. Әбу Хатим әл-Музани жеткізген хадисте Аллаһтың

елшісі

(аләйһис-саләту уәс-сәләм)

:

«Егер сендерге мінез-құлқы

мен діні өздеріңді қанағаттандырған бір кісі келсе, оны

үйлендіріңдер (қыздарыңды беріңдер). Олай істемесеңдер

жер бетінде бүлік және үлкен арсыздық (басқа риуа-

ятында «ірі арсыздық») болады»,

- дейді. (Сахабалар):

«Егер онда (кейбір кемшіліктер) болса ше?»-дегенде,

Аллаһтың елшісі

(аләйһис-саләту уәс-сәләм)

үш қайтара:

«Егер сен-

дерге мінез-құлқы мен діні өздеріңді қанағаттандырған

бір кісі келсе оны үйлендіріңдер

(қыздарыңды беріңдер)»-

деп айтқан.

306

3. Әбу Бәкір қызы Асма: «Неке құлдықтың бір түрі.

Сол үшін әркім өзінің кімге құл болайын деп жатқанына

қарасын»,-дейді.

307

4. Ибн Омар

(р.анһ.)

және Әбу Һурайра

(р.анһ.)

Аллаһ

елшісінің

(аләйһис-саләту уәс-сәләм)

:

«Егер бір қауымның құрметті

әйелі саған тұрмысқа шықса, оны құрметтей біл»,-

деп

айтқанын риуаят етеді.

308

305

Әл-Мустадрак ғала ас-Сахихйни, 2-том, 179-бет. Әл-Хаким: «Бұл

хадистің иснадыдұрыс, бірақ әл-БұхарименМуслим риуаят етпеген»-

деген.

306

Сунан әл-Бәйһәқи әл-Кубра, 7-том, 82-бет.

307

Сунан әл-Бәйһәқи әл-Кубра, 7-том, 82-бет.

308

Кашф әл-Хафа, 1-том,78-бет.