Previous Page  187 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 187 / 360 Next Page
Page Background

187

Неке бөлімі

ұсыныс жасаса келісімі жоқ жақтың қабылдауына

қарай жүзеге асады. Жоқ жақ осыны естіген кезде

жарамды жауап берсе келісім айқындалады.

2. Ұсыныс және қабылдауға екі жақ разы болуы ке-

рек. Ұсыныс пен қабылдау арасында жаңсақтық,

айла секілді мүшкіл болса неке жүзеге аспайды.

3. Ұсыныс пен қабылдауды екі жақ та есту және

түсіну қажет. Бірақ саңырау, мылқаулар арнайы

шарттармен тілектерін жеткізе алады. Сондай-

ақ Исламда хат арқылы неке келісімін де жасау

жеңілдігі қарастырылған. Хат келесі жақ және

куәлардың алдында оқылады да естіген жақтың

қабыл етуі арқылы неке келісімі толық жүзеге аса-

ды. Бұл жерде неке отырысы бір жерде, бір мекен-

де деп саналады.

4. Ұсыныс пен қабылдауда сөздер нақты ашық,

не астарлы болады. «Некеледім, некеге алдым,

үйлендім». Сондай-ақ бағыш, садақа секілді

сөздермен де неке тақырыбында астарлы ұсыныс

және қабылдау ретінде пайдалана алады. «Өзімді

саған мынадай мәһірді алып бағыштадым» деп

ұсыныс жасағаны секілді. Бұл жерде мәһірдің

айтылуы, куәләрдің болуы, отырыстың да неке

залында болуы екі жақтың үйлену мақсаттары

екендігіне ашық дәлел.

5. Ұсыныс және қабылдауда сөздің келер шақта

болмауы қажет. Неке келісімінің өткен шақта бо-

луы туралы ауызбірлік бар. Әйелдің «мынадай

мәһірмен өзімді саған некеледім» ұсынысына

еркектің «қабылдадым» «қабыл еттім» деп жауап

бергені секілді. Өйткені өткен шақтың мағынасы