188
Отбасы ғылымхалы
келісімді сол сәтте іске асырады. Сонымен қатар
неке ниетсіз сол сәтте іске асады.
Осы шақ болса ханафи, мәликилер бойынша келісімді
сол сәтте іске асыратын бір дәлелдің болуы ретінде некені
іске асыруға болады. еркек әйелге «Мынадай мәһірмен
сені өзіме некелеймін» дегенде, әйел «қабыл етемін»,
яки «ризалық білдіремін» деп жауап берсе болашаққа
қатысты уәденің болмауы және бір неке отырысы болуы
шартымен келісім жүзеге асады. Бірақ неке отырысы жоқ
және келісімнің сол сәтте жасалғанына бір дәлел болмаса,
бұл неке емес, болашаққа қатысты бір сөз беру болып
қалады.
Некеде әмір түрі де болады. Ер әйелге «мені өзіңе не-
келе» деп, үйленуді меңзесе, әйел «саған өзімді некеледім»
деп жауап берсе, келісім толық орындалады.
Неке келісімінде дұрыс және бұрыс арнайы
шарттар
Исламда бір келісім жасалған кезде алға қойылған
шарттар «дұрыс»
(сахих),
«пайдасыз»
(фасид),
«бұрыс»
(батыл)
шарттар болып үшке бөлінеді. Аят пен хадистерге
қарама-қайшылығы жоқ түсінікті болған шарттар «дұрыс
шарттар» болып табылады. Келісімнің мазмұнымен
үйлеспеген, яки шариғатқа қарама қайшы шарттарға «пай-
дасыз» шарттар дейді.
Дұрыс шарт.
Мысалы, бір әйел қоғамдағы жалпы
қыздардың орташа мәһірі жүз грамм алтын бола тұра ол
елу граммға да ризалық білдіріп, бірақ осы үшін екінші
әйел алмауға, не басқа жаққа көшпеуге шарт қосса, онда
бұл ерге қатысты болады. Бірақ ері осы шарттарға кейін-
нен бағынбай кететін болса, онда әйел жүз грамм алтын
алуға құқылы болады. Сондай ақ ерінің туыстармен бірге