Previous Page  185 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 185 / 360 Next Page
Page Background

185

Неке бөлімі

Үйленудің шарттары

Екі жақтың үйлену куәлігіне ие болуы қажет.

Ханафилер бойынша, балиғат жасына жетіп некенің

жүзеге асуы, яки дұрыс шарттарынан емес іске асыру

шарттарынан саналады. Толық куәлігі – ақылды, балиғат

жасына жеткен, азат болуы.

Ханфилардан бөлек үш мәзһаб бойынша, әйелдің

толық куәлігі болса да тек қамқоршысы, заңды өкілі

(уәлиі) арқылы ғана үйлене алады.

Балиғат жасына жетудің төменгі шегі қыздарда –

тоғыз, ерлерде – он екі, жоғары шегі екі имам бойынша,

екеуінде де – он бес, Әбу Ханифа бойынша қызда – он

жеті, ерде –он сегіз жас.

Некенің негіздері

Неке келісіміндегі «ұсыныс (ижаб) және қабылдау» –

басты негіздердің бірі. Өйткені үйлену келісімінің болуы

екі жақтың осы үйлену ұсынысын бір-бірінен қабылдауына

қатысты. Бір нәрсенің барлығы өз барлығына қатысты бо-

лумен қатар оның құрылымының бір бөлігін құрамайтын

бөлшекке «шарт» деп айтылады. Мысалы, намаз үшін –

дәрет шарт. Дәретсіз намаздың болуы мүмкін емес. Бірақ

осылай бола тұра дәрет намаздың негізінің бір бөлігі емес.

Үйлену келісімінде куәлардың болуы келісімнің шартына

жатады.

Ханафилер бойынша, неке келісімінің негіздері

ұсыныс және қабылдаудан тұрады. Көптеген мәзһаб

имамдарына қарай үйленудің негіздері – төртеу. Ұсыныс,

қабылдау, әйел, еркек, тұрмысқа шығатын әйелдің заңды

өкілі. Заңды өкіліне ата-анасы немесе солардың орнын

басатындар жатады.