194
Отбасы ғылымхалы
келеді. Сол себепті Абан ибн Османға жіберді. Абан ол уақытта Абдул
Малик тарапынан хажылықтың әмірі еді және ол екеуі де ихрамда
болатын. Үйлендіруге келуін өтінді. Абан бұлардың ұсынысына
қарсы болып: Мен Осман бин Аффаннан (р.анһ.) Пайғамбарымыздың
(аләйһис-саләту уәс-сәләм): «Ихрамдағы адам үйленбейді де, басқаны
үйлендірмейді және де құдалық та түспейді»,-дегенін естіген едім»,
деп кері жауап қайтарады.
Сүлеймен бин Иасар Пайғамбарымыздың (аләйһис-саләту уәс-сәләм)
Абу Рафиғді және аңсари кісіні жіберіпМеймуна бинт Харсқа үйленген
уақытта Мәдина қаласынан шықпаған еді.
Әнәс ибн Малик (р.анһ.) Пайғамбарымыздың (аләйһис-саләту уәс-
сәләм): «Ихрамдағыадамүйленбейді дежәне басқаныүйлендірмейді»,-
деген хадисін жеткізеді.
Сондай-ақ осы пікірмен төрт халифа және басқада үлкен сахабалар
амал еткен. Ғатфан бин Торифтен (р.анһ.) әкесі Ториф ихрам кезінде
үйленген болатын. Бірақ Омар бин Хаттаб (р.анһ.) олардың некесін
бұзған.
Нафиғден (р.анһ.) Абдолла бин Омар (р.анһ.): «Өзі некеленбейді
де құдалық та түспейді және басқаны да некелемейді және құда да
түспейді»,- деп айтатын.
Хасаннан (р.анһ.) Әли (р.анһ.): « Кімде-кім ихрам кезінде некелессе,
әйелді одан айырамыз, оның некесіне жол бермейміз»,- деп айтты.
Зайд бин Сабиттің құлы болған Шәузап ихрам кезінде үйленген еді.
Зайд бин Сәбит ол екеуінің некесін бұзды.
Міне бұл үлкен сахабалар егер ашық дәлел болмаса, ермен әйелдің
арасын ажыратып, теріске шығармаған болар еді.
Егер Ханафи мазһабындағы ибн Аббас риуаят еткен хабарда
Пайғамбарымыздың (аләйһис-саләту уәс-сәләм) Мимунамен ихрам
кезіндегі некелескені және отбасын құрғанда ихрамда болмағаны
және Мимунаның Сарафта қайтыс болғаны айтылады.
Ибн Аббас (р.анһ.) бұл сөзінен ешқандай кемшілік көрмеген және
Пайғамбарымыз (аләйһис-саләту уәс-сәләм) Мимунамен ихрам кезінде
Сарафта үйленіп, сол жерде отбасын құрған және сол жерден Маға
оралған деген хадисті жеткізген.
Пайғамбарымыз (аләйһис-саләту уәс-сәләм)Мекке халқына: «Сендерді
тойға шақырамын, келіп тамақтанып кетіңдер»,-деп шақырады. Сонда
олар: «Бізге дастарханың қажет емес, біздің арамыздан кет»,-деп
қуады. Сөйтіп Пайғамбарымыз (аләйһис-саләту уәс-сәләм) олардың
арасынан шығып, Сарафқа келіп, сол жерде той жасайды.
Бұл айтылған дәлелдерге кері жауаптар.