195
Неке бөлімі
Бірінші Мимуна анамыздың өзінен естігенін Иазид: «Олар үйленген
уақытта ихрамда болмаған. Мимуна ибн Аббастың нағашысы болғаны
сияқты менің де нағашым», деген риуаятын жеткізген. Абу Рафиғ
(р.анһ.): « Пайғамбарымыз (аләйһис-саләту уәс-сәләм) Мимунаға
үйленгенде, отбасын құрағанда да ихрамда болмаған. Мен ол екеуінің
арасында елші болғанмын», деген.
Бұл риуаяттар ибн Аббастың айтқан риуаяттарынан басымырақ
келеді.
Бірінші. Мимуна Пайғамбарымыздың (аләйһис-саләту уәс-сәләм)
жұбайы болғандықтан өздерінің үйленген уақыттарында ихрамда
болған немесе болмағанын жақсырақ біледі.
Екінші. Әбу Рафиғ (р.анһ.) екеуінің арсында елші болғандықтан
және тікелей неке уақытында болғандықтан қандай жағдайда екенін
басқадан жақсырақ біледі.
Үшінші. Ибн Аббас (р.анһ.) ол уақытта он жастағы сәби болатын.
Бұл жаста ол заманындағы болып жатқан оқиғаларды кәмлет жасына
жетпеуінен ажыратып білмеуі мүмкін немесе неке уақытында қатыспай
басқа адамнан естіген болуы ықтимал.
Төртінші. Ибн Аббастың жеткізген риуаятына алғашқы ғалымдар
да келіспеген. Сағид бин Мүсайыптан (р.анһ.) Әбу Даут: « Ибн
Аббас Пайғамбарымыздың (аләйһис-саләту уәс-сәләм) Мимунамен
үйленгенде ихрамда болатын деген сөзінде қателескен»,-дегенін
жеткізеді. Ахмад: «Әбу Харистың риуаятында келгеніндей одан Ибн
Аббастың хадисі жайлы сұрағанда « ол хадис қате»,»,-дегенін сондай-
ақ Марузи риуаятында: Ибн Уаһбқа Марузи барып: «Әбу Сәур маған
қандай жағдайда Ибн Аббастың хадисі дәлел болмайды», деп айтқаны
жайлы сұрады. Сонда Әбу Абдолла: Аллаһ тағала жәрдемші Сағид бин
Мүсайып: Ибн Аббас қателескен. Өйткені Мимуна «Пайғамбарымыз
үйленген уақытта ихрамда болмаған», деп айтқан. Ал Ибн Мимунаның
әпкесінің ұлы болса, Иазитте Мимунаның әпкесінің ұлы және Әбу
Рафиғ: «Мен екеуінің арасында елші болғанмын», деп айтқан»,-деп
сөзге араласты.
Мимун бин Маһраннан. Омар бин Абдул-Әзизге (р.анһ.) Иазиттен
Пайғамбарымыздың (аләйһис-саләту уәс-сәләм) Мимунамен қалай
үйленгені жайлы сұрауға кісі жібереді. Сонда ол: «Пайғамбарымыз
(аләйһис-саләту уәс-сәләм) онымен үйленгенде ихрамда болмаған»,-
деп айтқан.
Сағид бин Мусайб, Омар бин Абдул-Әзиз және Заһри олар Әбу Бакр
ибн Әбдурохман және Сүлейман бин Ясардың сөздерін жеткізеді.
Бұл кісілер мединелік үлкен ғұламалар. Сондықтан олардың