Previous Page  178 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 178 / 360 Next Page
Page Background

178

Отбасы ғылымхалы

(аләйһис-саләту уәс-сәләм)

: «Әйелдерге сұлулықтарына қарап

үйленбеңдер. Сұлулықтары оларды тастап кетуі мүмкін.

Және әйелдерге байлықтарына бола үйленбеңдер. Өйткені

байлықтары оларға сендерді бағындыруы мүмкін. Сендер

әйелдердің діндарлығына қарап үйленіңдер. Өйткені қара,

ұсқынсыз болса да діндар күң абзал»,

-деп өсиет еткенін

жеткізген.

296

Мағқал ибн Йәсардан жеткен риуаятта: Бір кісі Аллаһ

елшісіне

(аләйһис-саләту уәс-сәләм)

келіп: «Уа, Аллаһтың елшісі!

Мен текті де, қоғамда беделі де бар әрі бай бір әйелді тап-

тым. Бірақ ол бала туа алмайды. Оған үйленсем болады

ма?» - дегенде, Пайғамбарымыз

(аләйһис-саләту уәс-сәләм)

тыйым

салды. Екінші рет келіп айтқанда, пайғамбарымыз

(аләйһис-

саләту уәс-сәләм)

оған қайтадан тыйым салды. Үшінші рет кел-

генде:

«Сендер өздерің жақсы көрген және бала туа ала-

тын әйелдерге үйленіңдер, өйткені мен (басқа) үмбеттер

алдында сендердің көптіктеріңмен мақтанамын», -

деді

делінген.

297

Ер көрмеген (

немесе тұрмысқа шығып көрмеген)

қыздар абзалырақ

. Бұған мына хадистер дәлел бола-

ды:

1. Жабир ибн Абдуллаһтан

(р.анһ.)

: «Мен Пайғам-

барымыздың кезінде бір әйелге үйлендім. Бірде

мен оны

(аләйһис-саләту уәс-сәләм)

жолықтырғанымда ол

(аләйһис-саләту уәс-сәләм)

:

«Ей, Жабир! Үйлендің бе»? -

деп сұрады. Мен «Иә» деп жауап қаттым. Ол: «Қыз

ба, әлде есік көрген әйел ме?», - деп қайта сұрады.

Мен: «Есік көрген әйел», - дегенімде, ол (аләйһис-

саләту уәс-сәләм): «Көңіл көтеретін қыз алмадың

ба?» - деді. Мен оған: «Менің (тұрмысқа шықпаған)

296

Сунан әл-Бәйһәқи әл-Кубра, 7-том, 80-бет.

297

Сунан әл-Бәйһәқи әл-Кубра, 7-том, 81-бет, 13252- хадис.