Previous Page  177 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 177 / 360 Next Page
Page Background

177

Неке бөлімі

үйленсін. Үйленуге шамасы болмаған ораза ұстауды

жалғастыра берсін. Өйткені ораза ол үшін қалқан бо-

лады»

292

.

قَالَ رَسُولُ اللِّ صَلّى اللُّ عَلَيْهِ وَسَلّمَ أَرْبَعٌ مِنْ سُنَنِ الْمُرْسَلِينَ

الْحَيَاءُ وَالتّعَطّرُ وَالسِّوَاكُ وَالنِّكَاحُ

Әбу Аюб әл-Әнсари

(р.анһ.)

жеткізген хадисте Аллаһтың

елшісі

(аләйһис-саләту уәс-сәләм)

: «Төрт нәрсе: әтір себу, үйлену,

мисуак қолдану және ұялу пайғамбарлардың сүннетінен»,

-

деген

293

.

Күйеу жігіттің жар таңдауы

Ол дегеніміз - өз күйеуіне тақуалық, мінез-құлық,

әдеп, ізгілік және сұлулық тұрғысынан абзал болған

әйел. Абдуллаһ ибн Амр

(р.анһ.)

риуаят еткен хадисте

пайғамбарымыз

(аләйһис-саләту уәс-сәләм)

: «Расында дүниенің

баршасы нығымет, сол нығыметтің ең қайырлысы –

әйел»,

- дейді.

294

Сондай-ақ Әбу Һурайрадан

(р.анһ.)

риуаят етілген ха-

дисте Аллаһтың елшісіне

(аләйһис-саләту уәс-сәләм)

«Қайсы әйел

жақсырақ?» -деген сұрақ қойылған. Сонда ол

(аләйһис-саләту

уәс-сәләм)

: «Егер қарасаң

қуандыратын, бір нәрсе бұйырсаң

бағынатын және өзі мен малына қатысты мәселелерде

өзіңе қарсы шықпайтын әйел»

-деп жауап береді

295

.

Сондай-ақ одан үстемдік (құрметтілік), мансап, тек-

тілік, байлық, жас және дене пішімі тұрғысынан төменірек

болған әйел. Абдуллаһ ибн Амр

(р.анһ.)

пайғамбарымыздың

292

Ибн Мәжә, Никах.

293

Муснад Ахмад, 5-том,421-бет.

294

Сунан әл-Бәйһәқи әл-Кубра, 7-том, 80-бет.

295

Сунан әл-Бәйһәқи әл-Кубра, 7-том, 82-бет.