205
Неке бөлімі
1. Дін айырмашылығы
Мұсылман әйел мүшрік пен еркек, яки дінсіздермен
үйленіп тұрмыс құра алмайды. Аллаһ шариғатынан
өзге жүйелерге сеніп ислами мемлекет пен қоғамды
қабылдамаған кез-келген адам да осыған жатады.
Аллаһ Тағала Құранда:
«Мүшрік әйелдерге олар иман
келтіргенге дейін үйленбеңдер. Азат мүшрік әйелден
мұсылман күң артық. Егер сендерді қызықтырса да.
Және иман келтіргенге дейін, мүшрік ерге мұсылман
әйелдерді де үйлендірмеңдер. Егер олар сендерді
қызықтырса да. Мүшрік азат ерден мұсылман құл
артық»,
327
– дейді. Егер осыған мойынсұнбай үйленсе
некелері жарамсыз болады.
Мұсылман ердің христиан, не яһуди бір әйелмен
үйленуіне Ислам діні рұқсат еткен. Өйткені отбасының
отағасысы ер кісі болғандықтан туатын бала да әкесінің
дінінен саналады. Сонымен қатар әһлі кітаптан қыз алу
арқылы Ислам дінінің жайылуына арқау болады.
Құранда Аллаһ Тағала:
«Кітап берілгендерден де
(христиан, яһуди) абыройлы әйелдермен мәһірлерін
беріп, бой суытушы, астыртын көңілдес болмай
үйленулерің адал етілді»,
328
– дейді.
Кейбір ғалымдар әһлі кітапты мүшріктерге
жатқызғанмен осы ашық аят олардан қыз алуға рұқсат
еткен.
Шафиғи мен Маликилер бойынша әһлі кітаптан қыз
алу мәкрүһке жатады.
Әһлі кітаптан қыз алған мұсылман кісі оны шіркеуге
баруға, арақ ішуге тыйым сала алады. Алайда хайыз, ни-
фас, жүніптен соң жуынуға мәжбүрлей алмайды.
327
«Бақара» сүресі, 221.
328
«Маида» сүресі, 5 аят.