209
Неке бөлімі
алғаны айтылады. Тіпті Інжілдің өзінде көп әйел алуға
болмайды деген ешқандай үкім жоқ. Сондықтан да XVI
ғасырға дейін христиандарда көп әйел алу болған. Тіпті
кейбір деректерде Англия шіркеуі әйелді өзге бір еркекке
несиеге беруге болатындығы туралы заң шығарылғандығы
да айтылады
337
.
Ендеше көп әйел алу Ислам дініне ғана қатысты
емес. Қайта Ислам діні көп әйел алуды жүйеге қойып,
әйел затына өз құқығын берген. Исламнан бұрын арабтар
шексіз әйел ала беретін. Ислам діні келген соң осы шек-
сіздікті төрт әйелге дейін шегерді. Тіпті оның өзін
«егер
әділ болатындықтарыңа көздерің жетсе»,
– деп шарт
қойған.
Құранда бұл туралы:
«Егер үйленгенде жетім
әйелдер жайында әділетсіздік істеуден қорықсаңдар,
өздеріңе жаққан басқа әйелдерден екі, үшжәне төртке
дейін үйленіңдер. Сонда егер тең ұстай алмаудан
қорықсаңдар, онда біреу алыңдар немесе қолдарыңдағы
күң де болады»,
338
–дейді.
Осыған орай әділ бола алатын болса ер кісінің төрт
әйелге дейін алуына болады. Бірақ бесінші әйелмен үйлене
алмайды.
5.
Қайынжұрттық
(сихри)
туыстарынан туған
үйлену кедергісі
Апалы-сіңлілі екі қызбен не әйелінің немере әпкесі,
нағашы әпкесін әйелінің үстіне әйел етіп ала алмайды.
Құранда: َ
وَأَنْ تَجْمَعُوا بَيْنَ الُْخْتَيْنِ إِلّ مَا قَدْ سَلَف
337
Қараңыз: М. әс-Сыбаий, әл-Мәрә бәйнәл-фиқһ уәл-қанун. 210 бет.
338
«Ниса» сүресі, 2.