213
Неке бөлімі
реді. Сонда қыз: «Мен әкемнің бұл ісіне келісемін, бірақ
әйелдерге білдіргім келгені әкелері қыздарының ешқандай
істеріне үстемдік етпеулері»,-
деді.
Қыз балиғат жасына жетіп, ақылы толған соң неке-
де өзіне-өзі уәли, қомқоршы болатын жағдайға жетеді.
Балиғат жасына жетіп, ақылы толық болса да кішкен-
тай сәби сияқты қала беруі керек пе?! Бұндағы мағына
балиғат жасына жетіп, ақылы толғаннан соң да ата-анала-
ры сәбидей жетектеп жүре беруі тиіс пе?! Яғни дүниелерін
пайдаланғанда (бірдеңе сатып алу үшін, сату үшін) әкесі
өкілдік ете ме?! Әйелдің өзінің қалауын жүзеге асыруына
хақысы бар. Себебі жақсымен жаманды ажырата алады.
Сондай-ақ өз дүниесін, ақшаларын жұмсауға құқы бар
сияқты жақсы жар таңдай да, некелесе де алады
344
.
344
Әл-Һидая, 1-том,142-бет. Әл-Муғни уәш-Шарх әл-Кабир, 7-том, 337-
338-бет. Сондай-ақ бұл туралы ғалымдардың пікіріне зер салуыңызға
болады: Әуелі: Әбу Ханифаның жүмһур ғұламаларына қарсы
дәлелдері.
1.Қалыңдықты үйлендіруші уәлидің құдалық түсуі туралы айтылған
аяттағы «уа Анкиху» («Нұр» сүресі, 32-аят) сөзі неке уақытындағы
уәлидің болуышарт екенін меңземейді, керісінше сол уақыттағы әдет-
ғұрыпқа және көпшілік қауымның қалыптасқан үрдісіне байланысты
айтылған. Себебі сол уақытта және бүгінгі күні де кейбір мұсылман
елдерінде әйел ер адамдар отырған мәжілісте отырмаған. Сондай-
ақ қалыңдықтың неке уақытында ерлердің арасына шығып, неке
келісімін айтуы айып болып есептеледі. Қалыңдықтың абыройына,
ұятына, әдебіне кері әсер етпесі үшін, уәлиі қыздың разылығын
айтуы мүстахаб болады. Сондай-ақ сол аяттағы «уәссолихина» деп
салихалы адамға тұрмысқа беруді айтып тұр. Бұл аяттағы ердің
салихалы болуы шарт болмағаны тәрізді сол аяттағы барлық үкімдер
шарт болмайды. Ондай болса неке уақытында уәлидің қатысуынсыз
қалыңдық өзін некелей алмайды деген сөз емес, бәлкім уәлидің
қатысуы мүстахаб екенін нұсқап тұр.
2. Әбу Мұса (р.анһ.) риуаят еткен Пайғамбарымыз: «Уәлисіз неке
болмайды», деген хадисіндегі мақсат уәлидің болуы некенің шарты
дегені емес, керісінше неке кәміл болмайды дегені.